Жастардың Республикалық чемпионаты

Жамбыл облысының Меркі ауданының орталығында орналасқан атшабарда Ұлттық спорттың 4 түрінен, атап айтқанда көкпар мен аударыспақтан VІІІ , теңге ілу мен қыз қуудан VІІ чемпионат өтті. Республикамыздың облыстары мен қалаларынан 12 команда келді. Маңғыстау, Атырау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының командалары бұл чемпионаттан тысқары қалды.

Өткен жылы осы атшабарда Қазақстан Республикасының Ұлттық спорт түрлерінен өткен ІІІ Фестиваль аясында ауданның фестивалі өткен болатын. Сол жарыстардың барысында аудан әкімдігі келер жылғы Ұлттық ат спорты түрлерінен өтетін Республикалық чемпионатты Меркіде өткізу жөнінде ұсыныс жасаған еді. Сол ұсыныс қабыл болып тамыз айының 19 мен 25 аралығында республика командаларының жарысы осында өтті.

Жарыс әдеттегідей спотшылардың шеруімен басталып, ән ұран орындалып, аудан әкімі, Ұлттық спорттың ардагерлері, жарысқа келген спортшылар мен жанкүйерлерді құттықтады.

Бір жетіге созылған жарыста әттең-айлар да, келіспеушілік те болып отырды. Дегенмен, жарыс өте қызықты өтті.

Қыз қуу жарысына 8 команда шықты. Не бір ұшқыр сәйгүліктерді мінген қыздар мен жігіттер, кезек –кезегімен, жігіт қызды қуып жетіп иығындағы орамалды суырып алып, келесі кезекте қыз жігітті қуып жетіп қамшының астына алып жатты. Дей тұрғанмен жарыс қортындысын шығарғанда бас төреші Ы.Байтасов пен бас хатшы Ж.Ахметова, төрешілер Жапар Сатылғанов, Мәулетқазы Құлжатаев бірінші орынды шығыс қазақстанға ма, әлде жамбылдықтарға берерін білмей тығырыққа тірелді. Өйткені шауып өткен уақыты, ұлттық киімі, ойынның ережесінің шартын орындап шығуына берілген ұпай бір командадағы екі адамдікі екі түрлі болғандықтан, командалық ұпайды шығару кезінде қиындықтар туындырды. «Қыз қуу ережесін қайта жасау керек, ұлттық нақыштарымызды, ойынның ежелгі дәстүрін сақтау керек, қыз бен жігіттің киім үлгісіне жеке-жеке және ат-әбзелдеріне жеке-жеке ұпай есептеу керек» десе төреші этнограф –ғалым Сатылғанов Жапар, ал Мәулетқазы Құлжатаев «Жарыс барысындағы жігіттің қызды қуып жеткен уақыты, немесе қыздың жігітті қуып жеткен уақыты мен қашықтықты шауып өту уақыты жеке есептелу керек» деп түйді. Ал, атақты атбегі Ұлттық спорттың ардагері Дербіс Бәйділдаев «Қанша жарыстарға қатысып жүрмін, кейде қыздар ауыздығымен алысып тұрған ұшқыр асау аттарға мінеді де, астындағы аты алақашып бас бермей жарыс жолынан шығып, немесе қуып жеткен жігіттен үркіп жақындатпай қауіпті жағдай тудырады, осы жайды көріп қыз мәреге жеткенше тақымымды қысып, иманымды үйіріп отырамын, осы жайды ойластыру керек. Қыз қууға арнайы үйретілген атты әкелу керек қой, ат- жарыс ережесін бұзса ойыннан шығарылу керек» деген еді жарысты тамашалап отырып. Бұл алда ойластырылып қортынды шығаратын пікірлер.

Теңге ілу ойынын тамашалап отырған халықтың көңілі толмаған шығар. Ойыншылардың біліктілігін, әдіскерлігін, ептілігін шыңдау керек екендігі айқын көрініп тұрды. Спортшылардың кейбірінің бірде –бір теңгені ілуге шамасы келмеді.

Ал аударыспаққа келгенде 12 дүркін республика чемпионы болған, Ұлттық спорттың үздігі, Аударыспақ ойынының спорт шебері, Еңбек сіңірген жаттықтырушы Жәпішев Жұмабектің ойыншылары 5 салмақ дәрежесінің 4 –інде Республика чемпионы атанды. Жұмабектен: «Мұндай жетістікке қалай жеттіңдер, сырыңды ашсаңшы?» деп сұрадық. Ол көп ойланбастан: «Оның сыры балаларды анда-санда ғана емес күнде жаттықтыру керек, білек күші мен бел күшін шынықтыратын жаттығулар мен, шығыстың тау-тасының арасындағы ылдиы мен өрінде атпен көп жүргізу керек, бұл тақымын бекітеді. Екіншіден атты дұрыс таңдай білу керек, бұл да өте маңызды. Ат сенің іс-қимылыңды бақылап, сенен бұйрық күтіп тұруы керек. Спортшы қарсыласының белінен мықтап ұстап, атына «тарт» деп бұйрық бергенде ат сүйретіп ала жөнелуі керек. Міне бар құпия осында» деді аударыспақтың жілігін шағып майын ішкен майталман ардагері. Әрине күнде балалармен жаттығу жасап отыру үшін, осы өнеріңді шексіз сүйуің керек, балаларыңның әр қайсысының мінез құлқын түсініп икеміңе көндіре алатын психолог болуың да керек. Ойынды тамашалап жатқан жұрттың арасынан: Жарайсың Жұмабек! Барлық алтынды сен жинадың! -деп қошаметтеушілер де көп болды.

Қазақтың ең қызықты ойыны -көкпар алғашқы күннен бастап соңғы күнге дейін созылды. Ақтық жарыста еліміздегі ең мықты екі команда: Оңтүстік Қазақстан облысы мен Жамбыл облысының командасы кездесті. Бұл екі команданың ойыншылары әбден ысылып көкпарды жетік меңгерген, шеберлігі басқа командалардан көш ілгері келе жатқан команда. Көрермен қауым ойын басталғанда демін ішіне тартып, ойынды бар зейінмен қарап отырды. Қолпаштаушылардың ысқырығы мен айқай- шуы да кең даланың біраз жеріне жетіп жатты. Ойынның 7 –ші минутында шымкенттік Қилыбай Баян есеп ашты. Екі қақпаға да қауіп кезек-кезек төніп жатты. Сонымен бірінші кезең 1 –де 0 аяқталды. Екінші кезең басталғанда 2 минуттан соң Рустемов Азат жамбылдықтардың қақпасына екінші салымды салды. Бұл жамбылдықтарды ширата түсіп Мәлімбай Самат 5-ші минутта бір салым салып үміт отын жақты. Араға 2 минут салып Қилыбай Баян 3-ші салымды топ еттірді. Бұдан кейін жамбылдықтар да күш жинап 15-ші минутта Құрманбай Есжан бір салым, 17 минутта Мәлімбай Самат екінші салымын салып есепті 3 те 3 қылып теңестірді. Дегенмен қапысын тауып Қилыбай Баян 4-ші салымды 19 минутта салып, сонымен шымкенттіктер жеңіс тұғырына көтерілді.

Осы чемпионатта ең көп салым салғандар: жамбылдық Мәлімбай Самат -11, астаналық Амангелдинов Абылайхан -8, Алматы облысынан Құралбаев Әділет -8, Жиенқұлов Эльдар -7 салым салды.

Қазақстан Республикасының жастар арасындағы теңге ілуден өткен –VІІ чемпионаттың қортындысы:

Рет № Спортшының аты-жөні Облыс, қаласы уақыты Ілген теңгесі Алған орыны

1 Көрпебаев Дархан Қарағанды облысы 16,31 1 1

2 Әшімжан А. Жамбыл облысы 17,62 2 2

3 Бәшембаев Әлихан Ақтөбе облысы 21,46 1 3

4 Мырзагелдиев Асхат Қызылорда облысы 15,07 1 4

5 Газизов Жанәділ Батыс қазақстан облысы 19,05 1 5

6 Мифтахуддинов Рафаил Ақмола облысы 19,09 1 6

7 Мажитов Айдын Павлодар облысы 18,12 7

8 Рахимжанов Арман Шығыс Қазақстан облысы 18,36 8

9 Абдрахманов Д Астана қаласы 19,82 9

10 Аманов Ерсін Алматы облысы 21,00 10

11 Салыбаев Еркебұлан Алматы қаласы 21,15 11

12 Тұтқабай Бексұлтан Оңтүстік Қазақстан облысы 22,15 12

Бас төреші Мейрамғалиев Жұмабек, Бас хатшы Гүлнәр Базарханова болды.

Қазақстан Республикасының жастар арасындағы «Қыз қуу» жарысынан өткен –VІІ чемпионаттың қортындысы

Облыстың аты Спртшының аты-жөні Алған орыны

Жамбыл облысы Байқұлақова Салтанат I

Сәрсембай Нұрболат

Шығыс Қазақстан облысы Айтышева Еркеназ II

Ахмадиев Еламан

Павлодар облысы Кучерова Ирина III

Айтбаев Жолдасбек

Оңтүстік Қазақстан облысы Садықова Сандуғаш IV

Айтан Дәулет

Ақмола облысы Боранбаева Анар V

Борамбаев Ерзат

Қарағанды облысы Тоқтасынова Әлия VI

Садуақас Есентай

Батыс Қазақстан облысы Борзикова Наталья VII

Уразбай Алмат

Астана қаласы Гурова Екатерина VII

Папихин Максим

Қыз қуудан Бас төреші Ы.Байтасов, бас хатшы Ж.Ахметова болды.

Қазақстан Республикасының жастар арасындағы Аударыспақ жарысынан өткен –VІІ чемпионаттың қортындысы

50 келі салмақ дәрежесінде

Спортшының аты-жөні Облыс, қала аты Алған орыны

Ысқақов Жансерік Шығыс Қазақстан облысы І

Серғазин Азамат Ақтөбе облысы ІІ

Оразбаев Дәулет Павлодар облысы ІІІ

Жампоз Жансерік Жамбыл облысы ІІІ

60 келі салмақ дәрежесінде

Спортшының аты-жөні Облыс, қала аты Алған орыны

Қуандықов Ерасыл Шығыс Қазақстан облысы І

Амиров Ердәлет Қарағанды облысы ІІ

Қадыр Бексұлтан Оңтүстік Қазақстан облысы ІІІ

Ғазизов Жанәділ Батыс Қазақстан облысы ІІІ

70 келі салмақ дәрежесінде

Спортшының аты-жөні Облыс, қала аты Алған орыны

Асқаров Асхат Шығыс Қазақстан облысы І

Иманғазы Елдос Павлодар облысы ІІ

Шоқан Уәлихан Оңтүстік Қазақстан облысы ІІІ

Сағынбаев Арман Ақтөбе облысы ІІІ

80 келі салмақ дәрежесінде

Спортшының аты-жөні Облыс, қала аты Алған орыны

Аринов Мақсат Шығыс Қазақстан облысы І

Оспанов Нұрболат Оңтүстік Қазақстан облысы ІІ

Сатын Саят Жамбыл облысы ІІІ

Карибаев Ермек Алматы қаласы ІІІ

80 келіден жоғары салмақ дәрежесінде

Спортшының аты-жөні Облыс, қала аты Алған орыны

Бекбосынов Ербұлан Оңтүстік Қазақстан облысы І

Абдыкаримов Тахир Алматы облысы ІІ

Сарыбай Жасұлан Жамбыл облысы ІІІ

Төлегенов Самрат Ақтөбе облысы ІІІ

Аударыспақтан Бас төреші Ұлттық дәрежедегі төреші Аманжол Қадырбаев, бас хатшы С.Құлбаев болды.

Қазақстан Республикасының жастар арасындағы Көкпар жарысынан өткен –VІІ чемпионаттың қортындысы

Команда әкелген облыстар мен қалалар аты Өткізген кездесу саны Салған салым саны Алған орыны

Оңтүстік Қазақстан облысы 4 22 І

Жамбыл облысы 4 29 ІІ

Алматы облысы 4 21 ІІІ

Қызылорда облысы 3 6 ІV

Шығыс Қазақстан облысы 3 19 V

Павлодар облысы 4 15 VI

Ақмола облысы 4 12 VII

Астана қаласы 3 9 VIII

Алматы қаласы 4 11 IX

Қарағанды облысы 3 3 X

Ақтөбе облысы 3 2 XI

Көкпар жарысында бас төреші Арман Базарханов, төрешілер: Е.Юсупов, М.Кұлжатаев, Н.Додай, Ж.Тайырбеков, Ж.Тұратбеков, С.Сыздықов, С.Жәлелов, Е.Есбергенов, О.Қыдырбеков, Ж.Орынбасаров, Б.Шырынқұлов, Қ.Мұсаев, Ш.Жолдас болды.

А. Мүрсәлімов

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*

WordPress спам заблокировано CleanTalk.