Қарқаралыда қырандар сайысы аяқталды

Қарқаралыда құсбегілердің 9-шы республикалық чемпионаты аяқталды. Қыран құстардың бағы мен бабы сынға түскен жарысқа еліміздің 8 облысынан 30 бүркітші қатысты.

Чемпионаттың ережелеріне сәйкес құсбегілерге бірнеше талаптар қойылды. Алдымен сайысқа қатысушылардың киген киімі, құрал-жабдықтары мен құстарының бабы сыналып, төрешілер тарапынан сәйкес ұпайларын алды. Жарыстың келесі кезеңінде бүркіттер қолға шақырылып, шырғаға салынды. Жарыстың көрігі құстарды қоян мен түлкіге салғанда қыза түсті. Ал ақтық сынға  барлық талаптардан сүрінбей өткен төрт бүркітші шықты. Ал жарыс жеңімпазы құстарды қасқырға салу кезеңінде анықталды.

Базарбек КҮНТУҒАНҰЛЫ, жарыстың бас төрешісі:

«Жарыс жоғары деңгейде өтті. Былтыр чемпионатқа 6 облыстан келсе, биыл олардың қатары көбейді. Мысалы, жарысқа бұрын қатыспаған жаңа бүркітшілер келіп сынға түсті. Бір қуантарлығы, соңғы жылдары құсбегілікке жастардың қызығушылығы артуда«.

Чемпионаттың жеңімпаздары:

І орын — Әкімбеков Жалғас, Жамбыл облысы. Құсының аты — Қапсалған.

ІІ орын — Қошқаров Арман, Атырау облысы. Құсының аты — Нарын.

ІІІ орын — Шәліпов Медет, Алматы облысы. Құсының аты — Ақжелкен.

Кіші құс — қаршығадан өткен жарыс жеңімпаздары мыналар:

І орын — Бабажан Бақдәулет, Жамбыл облысы. Құсының аты — Таймас.

ІІ орын — Жалғасұлы Серікболсын, Жамбыл облысы. Құсының аты — Қанжар.

ІІІ орын — Ерғалы Мұхтар, Қарағанды облысы. Құсының аты — Сұңқар.

IMG-20140221-WA0002 IMG-20140221-WA0010 IMG-20140221-WA0008

 ҰСТҚ ақпарат

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*