ҚР ҰСТ Қауымдастығы төрешілерінің 1 семинары

2005 жылдың 24-25 ақпаны күндері Астана қаласында ҚР ҰСТҚ төрешілерінің 1-ші кеңесі өтті. Кеңеске барлық облыстың және Астана мен Алматы қалаларыныың өкілдері қатысты.

Кеңеске қатысушыларды ҚР ҰСТҚ Президенті Қайрат Сатыбалды құттықтау сөз сөйлеп ашты.

Одан кейін ҚР ҰСТҚ Вице –президенті Сәдібек Түгел «ҚР ҰСТҚ –ның 2005 жылғы жұмыс жоспары және алда тұрған міндеттері» туралы баяндама жасады.

ҚР Спорт комитеті төрағасының орынбасары Елсияр Қанағатов, «2005 жылдың күнтізбелік жоспары туралы» хабарлама жасады. Жоспар туралы Сәдібек Түгел, Ұлттық санаттағы төреші А.С.Зейнуллин пікір қосты.

Осы кеңесте Ұлттық спорт түрлерінен БҚО Орал қаласында қыркүйектің 21-25 күндері V Фествальді өткізу туралы, Е.Қанағатов, С.Түгел, А.Зейнуллаев хабарлама жасады.

Сонымен қатар семинарда, Ұлттық спорт түрлері Қауымдастығының Ережелеріне өзгерістер енгізу, ҚР ҰСТҚ төрешілер құрамын бекту, Жамбыл облысының Қордай ауданында Ұлттық спорт түрлерінен 1 –ші фестивльді өткізу, Атырау қаласында «Түйе жарыс-Желмая» федерациясының кубогына арналған жарыс, Алматы облысының Үшқоңыр жайлаукында ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өткізу мәселесі туралы «Рахат» жылқы зауытының директоры О.Әмірғалиев, Ұлттық санаттағы төреші Б.Байтөленов, «Үш Қоңыр» қорының президенті Мұрат Мыңбаевтың хабарламасы тыңдалып талқыланды.

Семинар күндері, қонгақтардың қатысуымен, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушы, Қазақстан Ұлттық ат спортф федерациясының президенті, Астана қаласының тұңғыш баспасөз хатшысы Сәдібек Түгелдің 50 жылдық мерейтойын атап өтуге арналған «Тұлпар» клубында көкпардан, «Алас» клубында бильярдтан турнирлер, Астана қаласына экскурсия, салтанатты кеш және Әйгерім Түгелдің «Менің әкем-Сәдібек Түгел» атты кітабының тұсаукесері өтті.

Жан-жақты ойластырылған тұңғыш семинар ұлттық спорттың шашбауын көтеріп жүрген азаматтарың көңілін өсіріп, жақындастырып, іштегі көптен айтылмай жүрген сырларын ортаға салып шер тарқатуға мүмкіндік тудырып, серпіліс жасады.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*

WordPress спам заблокировано CleanTalk.