Қарағандыда бүркітшілер сайысы аяқталды

Саятшылықтан бүркітшілердің 9-шы ел чемпионаты мәреге жетті. Қарағанды облысында жалауын желбіреткен сайыста барлығы 35 құсбегі шеберлігін ортаға салды. Екі күнге созылған жарыс қорытындысы бойынша жамбылдық Жалғас Әкімбековтың жұлдызы жанды.
Ережеге сәйкес, бүркітшілер бірінші кезекте қыран құстарын 300 метрден қолға шақырып, шырғаға салып көрді. Осы сыннан сүрінбей 15 құсбегі келесі айналымға жолдама алды.
Жарыстың екінші кезеңінде, дала қояны ортаға жіберілді. Нағыз бабы келіскен аспан еркесі жемтігін 400 метрден жұлып түсіруі тиіс. Бастапқыдан көш басында келе жатқан 6 құсбегі осы бөлімнің қорытындысы бойынша финалда өнер көрсетуге мүмкіндік алды.
Ал, шешуші сайыс тартысқа толы болды. 500 метр қашықтықтан жіберілген қасқырға кез келген бүркіттің күші жетпеді. Тек, атыраулық Арман Қошқаров пен Жалғас Әкімбековтың құс патшасы дараланды.
 
Жалғас Әкімбеков, жарыс жеңімпазы:
Қарқаралының жері керемет. Боранға қарамастан жарыс өтті.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*