Маңызды мәселе қаралды

Президенттік Мәдени орталықта 2005 жылдың 15 желтоқсан күні ҚР ҰСТҚ филиалдарының Атқарушы директорлары мен оның құрамына кіретін ҰСТ Федерацияларының Президенттері мен Атқарушы директорларының қатысуымен республикалық кеңес болып өтті. Кеңесті өткізудегі мақсат 2005 жылға ҚР ҰСТҚ жоспарлаған шаралардың орындалуын қортындылау, баға беріп, жетістік кемшіліктерге көңіл бөлу; жылқы зауыты, жылқы фермасы, асыл тұқымды жылқы кітабы мен оның базасын жасау; 2006 жылдың Күнтізбелік жоспарын жасау; ауылдарда ипподромдар салу және ҚР Үкіметіне «ҚР Ұлттық спортты дамыту туралы заң» қабылдау туралы болашағы зор мәселелер қаралды.

Осы күні «Көк бөрі» федерациясының да семинар-кеңесі болып өтті. Онда өтіп бара жатқан жыл ішінде атқарылған істер мен 2006 жылдың жоспары талқыланды. Осы уақытқа дейін ҚР ҰСТҚ вице-президенті С.Түгелдің тапсырмасы бойынша : Астана қаласында, ОҚО, ШҚО, Алматы облыстарындағы филиалдарда кеңес болып өтті.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*