Мыңнан тұлпар адай жылқылары

         Жақында өткен Қарашай-Шеркеш (РФ) еліндегі алыс қашықтықтағы ат жарыcында қазақтың адай жылқылары олжалы қайтты. Бәйгенің нәтижесі бойынша, біздің шабандоздар үздік төрттіктен көрінді. Бұл нәтижемен еліміз осымен осы жарыстардың үш дүркін чемпионы атанып отыр.

1 орын —   Наталья Долгих, жылқысы — Дойдан 
2 орын —   Есенаман Қойшиев, жылқысы — Үштаған
3 орын —   Азат Қойшиев, жылқысы — Чекист
4 орын —   Бектас Мықырбаев, жылқысы — Жары
7 орын —   Әбіш Етреков, жылқысы — Жас қанат
           Алайда, ҚР ат спорты федерациясы Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы Асхат Ноғаевтың айтуынша,  бұл жеңісімізге алданып қалмауымыз керек. Себебі, бұл жарыстар осы жазда Францияда өтетін дүбірлі доданың бір бөлшегі ғана. Яки бұл әр 4 жыл сайын өткізілетін Бүкіләлемдік ат спорты ойындарының квалификациясы.
Апарған 9 аттың 8-і мәреге жетті. Біреуі ақсап келе алмай қалды. Жалпы айтқанда, біз үшін жарыс сәтті аяқталды. Бірінші келген Наталья Долгих деген қызымыз конкур құрама командасының да мүшесі. Екінші-үшінші келген ағайынды Қойшиевтер өңіріміздің бетке ұстар азаматтары.
Айта кетейін, сәуір айының 11-12 күндері Маңғыстау өңірінде әкім кубогы үшін халықаралық турнир өтпекші. Қазір сол сайысқа дайындалудамыз.
Sodruzhestvo_2013-040         Франциядағы ат спорты ойындарына елімізден жалғыз Ойлы есімді адай жүйрігі жолдама алып отыр. Ат жарыстары бір қарағанда оңай болып көрінуі мүмкін. Алайда, мұндай сайыстарға кез-келген аттың денсаулығы мен бабы жарай бермейді.  Мәселен, ұзақтығы 120 шақырымды жарыста 3 айналым болады. Бірінші айналымды, яғни 30 км жүгіріп келген арғымақтың жүрек қағысы 64 соғыстан жоғары болмауы керек. Жүрек қағысын 20 минут ішінде төмендете алмаса, тұлпар аламаннан аластатылды. Ал егер 1 минуттың ішінде-ақ ат қалпына келсе, сәйкесінше келесі айналымды бірінші бастап кетеді. Осындай жағдайларда бірінші болып келу қиынның қиыны.
       Айта кетейік, Бүкіләлемдік ат спорты ойындары биыл 23 тамыз бен 7 қыркүйек аралығында Нормандияның Кан қаласында (Франция) өтеді. Ат спортының 8 түрі бойынша әлемнің 60 елінен 1000 тұлпар мен 1000 атшабар қатысады.

А.ТЕМІРБЕКҰЛЫ

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*

WordPress спам заблокировано CleanTalk.