Құсбегілік ЮНЕСКО-ның қамқорлығына алынады

      Астанада өткен аптада ЮНЕСКО мен ИСЕСКО істері бойынша Ұлттық комиссия жанындағы материалдық емес мәдени мұраны қорғау Ұлттық комитетінің 6-шы отырысы өтті.

           Отырыста репрезентативті тізім мен ЮНЕСКО-ның адамзаттың мәдени мұрасын сақтау шұғыл тізіміне қосу туралы Ұлттық өтінімдер қаралды. Былтыр бұл өтінімдер қатарына айтыс, күйшілік өнер, киіз үй мен наурыз мейрамы кірген болатын. Ал биыл бұл тізімге ұсынылатын қазақтың 9 құндылығы өтінім ретінде комиссия мүшелеріне таныстырылды.

Таныстырылған 9 өтінімнің тізімі:

Бүркітпен аң аулау

Дәстүрлі асық ату ойыны

Қазақтың зергерлік өнері

Батырлар жыры

«Қыз Жібек» эпосы

Қобыз музыкалық аспабында ойнау өнері

Қазақтың дәстүрлі әншілік өнері

Домбыра аспабын жасау өнері

Қорқыт ата күйлері

         Ұлттық спорт түрлеріне қатысты ұсынылатын «Бүркітпен аң аулау» (құсбегілік) өтінімі ортақ шешіммен мақұлданды. Ал «Дәстүрлі асық ату ойынын» отырыс мүшілерімен сәуір айында қарастыруға шешім қабылдады.

          «Бүркітпен аң аулау» өтінімінде Қазақстанда ресми тіркелген 70 бүркітші бар екені жазылған. Олар құстарын өздері баптап, арнайы құрал-жабдықтарын дайындайды, шеберліктерін үйренем деушілерге ресми де бейресми түрде оқытады. Қорғаудың шұғыл тізіміне кіргізу арқылы бұл кәсіп түрімен айналысатын барша құсбегілердің қызметіне жақсы әсер ететіні атап көрсетілген.

meSvmLydJok

А.ТЕМІРБЕКҰЛЫ

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*