Италияндық Сон Паскальдың телебағдарламасына түскен көкпар

      Бұл елімізге аты танылып үлгерген музыкант Сон Паскальдың «Паскальстан» деген бағдарламасына іліккен кадрлар. Қазақстандағы жаппай көкпарды қалай тартатынын түсіріпті. Өкінішке қарай, еліміздің түкпір-түкпіріндегі көкпар әлі де осылай ойналады.

     Десек те, көкпар тиісті жоғары деңгейде өткізілуі керек. Былтырғы халықаралық көлемде ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының ұйымдастыруымен өткен көкпардан І-ашық Азия чемпионаты төл өнерімізді әлемге танытудың сәтті қадамына айналды. Бұл дода батыс елдерінің қызығушылығын туғызып, әлі күнге дейін шетел зерттеушілерінің көкпар туралы сұрақтары таусылмай отыр. Сондықтан, әлемнің сырт көзі тігілген ұлттық ойынымызға, оның дамуына көңіл бөлгеніміз жөн.   

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*

WordPress спам заблокировано CleanTalk.