Ұлттық ойынға арналған ескерткіш монеталар

      Еліміздің қаржы айналымындағы металл ақшалармен қатар, мерейтойлық және ескерткіш монеталар да қолданыста бар. Олар белгіленген өз құнына сәйкес төлем қабілетіне ие әрі шектеулі таралыммен ел аумағында және шет елдерде коллекциялық құнымен сатуға арналып шығарылған. Бірақ оның негізгі мақсаты — маңызды тарихи оқиғаны сақтау, ірі тұлғаларды көрсету, ұлттық құндылықтарды қорғау.

     ҚР Ұлттық банкі шығарған мыс-никель қоспасы немесе қымбат металдардан жасалған ескерткіш монеталар арасынан «Қыз қуу» ұлттық ойыны бейнеленген шақа кездестіруге болады. Монета «Қазақстанның әдет-ғұрыптары, ұлттық ойындары» сериясымен шыққан.

Нейзильбер қоспасынан жасалған монета: «Қыз қуу»

50 теңге

Номиналы — 50 теңге.

2008 жылғы 6 қырқүйекте айналысқа шығарылды.

Монетаның бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде ою-өрнек фонында Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Төменгі бөлігінде «50» саны және оның астында монетаның номиналын білдіретін «ТЕҢГЕ» жазуы бар. Сол және оң жағында ұлттық ою-өрнектің элементі жалтыратып салынған. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» және орыс тілінде «РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН» деген жазба жасалған. Жазбалар нүктелермен бөлінген.

Монетаның сыртқы жағында (реверсінде) ұлттық ат жарысы ойыны «Қыз қуу» эпизоды бейнеленген. Монетаның жоғарғы бөлігінде айналдыра мемлекеттік тілде «ҚЫЗ ҚУУ» деген жазу, төменгі бөлігінде – соғылған жылын білдіретін «2008» деген сан орналастырылған. Монетаны айналдыра моншақ тізбектері тәрізді жарты шеңбер бейнеленген. Монетаның бет жағындағы және сырт жағындағы бейнелер мен жазулар бедерлі.

Қыры (гурт) бүдірлі, 10 секторға бөлініп бүдірленген.

Монета ақ түсті «нейзильбер» қоспасынан дайындалған.

Таралымы — 50 мың дана.

Күміс монета«Қыз қуу»

500 теңгеНоминалы — 500 теңге.

2008 жылғы 6 қырқүйекте айналысқа шығарылды.

Монетаның сыртқы жағында (реверсінде) ұлттық ат жарысы ойыны «Қыз қуу» эпизоды бейнеленген. Монетаның жоғарғы бөлігінде айналдыра мемлекеттік тілде «ҚЫЗ ҚУУ» деген жазу, төменгі бөлігінде – соғылған жылын білдіретін «2008» деген сан орналастырылған. Монетаны айналдыра моншақ тізбектері тәрізді жарты шеңбер бейнеленген. (Күмістен жасалған монетада монета дайындалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін «Ag 925 31,1gr.» деген жазу, шабандоз қыз суретінің оң жағында Қазақстан Теңге сарайының тауар белгісі).

Монетаның бет жағындағы және сырт жағындағы бейнелер және жазбалар бедерленген.

Қыры (гурты) бедерлі.

Монета 925 сынамды күмістен жасалған,

массасы – 31,1 грамм,

диаметрі – 38,61 мм,

шығару сапасы — «proof»,

таралымы – 4 мың дана.

     ҚР ұлттық валютасының мерейтойлық және ескерткіш монеталарын шығарудың 2014-2015 жылдардағы кезеңге арналған тақырыбына «Қазақстанның әдет-ғұрыптары, ұлттық ойындары» сериясымен 100 мың дана «Көкпар» монетасын алмағы — 11,17 грамм, диаметрі — 31,0 мм) шығару жоспарланған. Сонымен бірге, Ұлттық банктің «Республика игілігі» сериясына күмістен 5 000 данамен «Тазы» мен «Төбет» монеталарын да  жасау ойында бар.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*