Аударыспақтан Азия чемпионатының өтетін уақыты мен орны белгіленді

Фабрика ФорматовIMG_3371

        Астанада наурыздың 26-күні ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы Кеңесінің мәжілісі өтті. Жиында аударыспақтан І-ші ашық Азия чемпионатын өткізу жоспарының орындалу барысы талқыланды. Кеңестің жұмысын ҚР ҰСТҚ президенті Бекболат Тілеухан жүргізіп, «Нұр Отан» партиясы Саяси жұмыс департаментінің директоры Сатыбалды Дәулеталин қатысты. 

        Бұл күндері «Аударыспақ» ұлттық спорт түрінің ережесі талқыланып, 3 тілге аударылған. Енді насихат жұмыстарын кеңінен жүргізіп, аударыспақ ережесі бойынша кітапша жасап шығару керек деген ұсыныстар айтылды. Осы күнгі ақпарат бойынша, 20 мемлекеттің елшіліктеріне Шақыру жіберіліп, Сыртқы істер министрліктеріне хат жолданған. Мәжілістің шешіммен ҚР Ұлттық спорт түрлерінің мемлекеттік жаттықтырушысы Рамазан Сәттібай чемпионаттың бас төрешісі болып тағайындалды. Сонымен қатар, чемпионаттың өткізілетін нақты орны мен уақыты белгіленді. Шара Астана қаласында 15 маусым күні «Қазанат» атшабарында өткізілетін болып шешілді.

ҰСТҚ-ақпарат

Фабрика ФорматовIMG_3387Фабрика ФорматовIMG_3382

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*