Жағда Бабалықұлын еске алуға арналған көкпар тойы

     Ж.Бабалықұлын еске алуға арналған республикалық турнир 6-сәуір күні жоспарланып отыр. Ашық турнир Алматы облысы, Ұзынағаш өңірі, Сарыбай би ауылында өтеді. Осымен қатарынан 4-ші рет өткізілейін деп отырған көкпар тойын ұйымдастыруды аталмыш ауылдың азаматтары, Ж.Балалықұлының туғандары Әбеш, Береке және Роза Жағдақызы  қолға алып отыр. 

Кендібай ӘБІШЕВ, Қазақ спорт және туризм академиясының доценті, ат спортының маманы:

Этонограф-ғалым, тарихшы, қазақ халқының өткені мен тарихы, тұрмыс-тіршілігі туралы энциклопедиялық білімі бар Жағда Бабалықұлы Шығыс Түркістан әскерінің қолбасшысы, әскери шені — полковник. Екі ұлы державаның қыспағын көрсе де, мойымаған, жауынгер рухты, ұлы жүректі азамат. Еңбегіне ақы да, атақ-дәреже де талап етпейтін, ұлтқа өлшеусіз еңбек етудің жарқын үлгісін көрсеткен ардақты жан. Осы айтылған еңбектерін ескере отырып, менің ойымша, «Дала академигі» атағына лайық жан.

0     Жағда Бабалықұлы 1917 жылдың 21 қарашасында ҚХР ШҰАР елінде дүниеге келген. 1952 жылы Тарбағатай аймағының әкімі болған. 1952-55 жылдары Шәуешекке жіберіліп, сол жердің әкімі болған. 1956 жылы Іле қазақ автономиясы бойынша әкім етіп тағайындалған. 1958 жылы Қытай үкіметі «ұлтшылсың» деп қырына алып, Еңбекпен түзету лагеріне жіберген. 1958-60 жыдары Үрімшідегі машина жасау зауытында қара жұмыс істейді. 1961 жылы Қазақстанға келеді. Шығыс Түркістан армиясының қолбасшысы болған. Ол мыңдаған жылғы тарихымыздың айнасы «Қырандар», «Саят», «Төрт түлік аурулары» кітаптарының авторы, «Жалайыр Шора» бүркітшілер мектебін ұйымдастырушыларының бірі. Зейнеткерлікке шыққанға дейін «Мәдениет және тұрмыс» журналында қызмет еткен. Қазақ ұлтының ұмыт бола бастаған әдет-ғұрып, салт-санасын жаңғыртуға, саятшылық, қамшыгерлік, көкпар, бәйге, қыз қуу, теңге ілу, т.с.с. спорт түрлерінің байырғы түрлерін бүгінгі заманға жеткізуші.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*