Ұлттық спортымыздың болашағы зор

     елбЕлбасымыз Н.Назарбаевтың «Біздің мұратымыз – Мәңгілік еліміздің асқақ болмысын аялап, 21-ші ғасырдың төріне оздыру. Біз еліміздің экономикасын көтердік, енді саяси реформалар мен халықтың рухани-мәдени деңгейін жақсартуға бағытталған шараларға басты назар аударуымыз керек» деген сөзі елдің жадында. Елбасының осы мән-маңызы  жоғары сөзін алға тартып сейлер болсак, Алланың бұйрығымен бабаларымыз сан ғасыр армандаған еліміздің тәуелсіздігі берік орнады. Осы тәуелсіздігіміздің арқасында халқымыздың өшіп бара жатқан көптеген құндылықтары өмірге қайта оралып, халқымызбен қауышты. Сол құндылықтардың ішінде көңілге қуаныш сыйлап, рухымызды асқақтататын саланың бipi — ұлттық ойындарымыз, яғни, ұлттық спортымыз да бар.

физк   Өткен ғасырда ұлттық ойындарымыз: көкпар, аударыспақ, теңге ілу, қыз қуу, құсбегілік, тоғызқұмалақ сынды көптеген төл өнерлерімізді ұлттық спортымыз деп ұлықтай алмадық. Заман солай болды. Шынымызды айтсақ, сол асыл құндылықтарымызға «ескіліктің қалдығы» деп, көзімізге де ілмейтінбіз. Дәлірегі, «бай-манаптың заманынан қалған ескінің сарқыншағы, жаңа коммунизм заманына, келешекке ілестіріп алып баруға жарамайтын бірдеңе» деп миымызға әбден сіңіріп алғанбыз.

   Ал, қазір, бәрі басқаша, тәуелсіздіктің арқасында біздің ұлттық ойындарымыз халқымыздың мақтанышына айналып, ел ішінде кең тарап келеді. Ел ішінде ғана емес, соңғы жылдары халықаралық деңгейге көтерілуде.

_R8A1266_R8A1266_R8A1266ее  Тәуелсіздіктің арқасында біздің ұлттық ойындарымыз халқымыздың мақтанышына айналып, ел ішінде кең тарап келеді. Ел ішінде ғана емес соңғы жылдары халықаралық деңгейге көтерілуде. Бұл ойындарымыз ұлтымыздың рухын асқататар құн жетпес қазынасының біріне айналып отыр. Өткен жылы ұлттық спорт түрлерінен халықарлық бірнеше жарыстар өтті. Соның ішінде көпшіліктің құлағын елең еткізгені көкпардан өткен І ашық  Азия чемпионаты мен Бүркітшілердің І халықаралық фестивалін айтуға болады. Астана қаласының «Қазанат» атшабарында көкпардан  өткен бұл чемпионатқа 8 елдің спортшылары қатысты. Ал Ақмола облысының Целиноград ауданында өткен бүркітшілердің жарысын 13 елдің өкілдері тамашалады. Олардың жартысы бүркіттерімен келді. Екі жарыста да біздің бүркітшілеріміз бен көкпаршыларымыз жеңіс тұғырына көтеріліп, көк байрағымызды желбіретіп, Әнұранымыз шырқалды. Кеудесінде ұлттық намысы бар, жүрегі «ұлтым» деп соққан көпшіліктің рухы асқақтады. Сондай-ақ, Астанада өткен «Қазақстан барысы», Тараз қаласында жалауын көтерген «Еуразия барысы», Минск қаласында ұйымдастырылған қазақ күресінен әлем чемпионаты мен «Тоғызқұмалақтан» болған Азия чемпионаты біздің ұлттық спорттарымыздың өзге елдердің спорт түрлерінен еш жері кем емес, болашағының зор екендігін дәлелдеп берді.

4T6A1759

Осыған дейін біз 70 жыл басқа ұлттырдың спортын үйрендік, дамыттық. Енді өзіміздің тамаша спорттық ойындарымызды өрістетіп, өркендетіп, басқаларға үйрететін уақыт келді.

Елімізде Ұлттық спортымыз соның ішінде көкпар ойыны Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Астана қаласында жақсы дамып отыр. Осы облыстардың ықпалымен басқа өңірлер де алға ұмтылуда.

  Жалпы, ұлттық спортты дамытуға еліміздің 10  облысында ашылған Ұлттық спорт мектептері мен Жамбыл және Алматы облысында ашылған ұлттық спорт клубтары өзіндік ықпалдарын тигізуде. Өткен жылдың соңғы айларында Маңғыстау, Атырау облыстары мен Астана қаласынан Ұлттық спорт клубтары ашылды және бұл облыстың басшылары атшабарлар салуға кірісті.

 Негізінен, ата-бабамыздан мирас болып қалған ұлттық құндылықтармызды ұлықтап, ұлттық ойындарымызды шекарамыздан сыртқа шығарып, басқа халықтарға үйретіп, Елбасымыз айтқандай «21-ші ғасырдың төріне оздыруымыз керек». Осы орайда Ұлттық спортымызды төрге шығару үшін «Ұлттық спортты дамытудың Мемлекеттік Бағдарламасын» белгілеген жөн. Бағдарламада ұлттық спорт түрлеріне жалпыхалықтық сипат беру, оған қажетті материалдық базаны қалыптастыру, яғни, әр облыста футбол алаңдарынан артық болмаса кем қылмай көкпар алаңдарын салу, көкпар клубтарын ашу қажет-ақ.

4T6A7513    Тағы бір айта кететін жәйт, Халықаралық «Көкбөрі» федерациясының штаб-пәтері Қырғызстанның Бішкек қаласынан Астанаға ауыстырылып, оның президенті болып ұлтжанды азамат Бекболат Тілеухан сайланды. Өткен жылы Астана қаласында «Түркі тілдес халықтардың ұлттық спорт қауымдастығы» құрылып, оған біздің елмен қатар, Өзбек, Түрік, Қырғыз, Моңғолия, Ресей, Тәжікстан елдері кірді. Ең бастысы,  Астана қаласында Көкпар ойынынан 2017 жылы әлем чемпионаты өткізіліп, Халықаралық көрмеге келетін қонақтарға көрсетілмек. Қазір соған дайындық жүріп жатыр. Өткен жылы өткен Азия чемпионатының алдында Көкпар ойынын өткізу ережеі қайта қаралды. Талқылауға барлық ардагер көкпаршылар мен ұлттық спорт түрлерінен еліміздің намысын қорғап жүрген азаматтар, жаттықтырушылар, ғалымдар және төрешілер қатысты.

тулы ат

    Көкпар ойынын кеңінен насихаттауды «Қазақстан», «KazSport»  телеарналары қолға алды. Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының қолдауымен «Дода» көркемсуретті фильмі шығарылды. Дегенмен, бұл шаралар бізді қанағаттандырмай отыр. ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының жаңа пезиденті Б.Тілеухан әр ауылда, әр ауданда көкпар командаларын құрып, көкпар клубтарын ашып, әр елді мекенде көкпар алаңдарын, ал үлкен қалаларда көкпар стадионын салу қажет деп есептейді. Ал осы мақсатқа жеткізер жолдың Тұжырымдамасы Үкімет басшысына ұсынуға дайындалуда. Осы уақытқа дейін «Ұлттық спорт түрлері туралы»  Заң жобасы ҚР Парламент Мәжілісінде қаралуда.

  Ұлттық спорт – біріншіден бар халқымыздың басын біріктіретін,  бірлікке бастайтын,  бір мақсатқа жұмылдыратын, ұлтжандылыққа үндейтін, рухын асқататын ойын. Ендеше, біз бұл бағыттағы жұмыстарға жаңадан серпін беруіміз керек.

Альберт МҮРСӘЛIМ, Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының үйлестірушісі

«Қазақ спорты» газетінде (№9 (209) жарияланған

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*