Аударыспақ Азия чемпионатының бас төрешісі Рамазан Сәттібай болып бекітілді

       Астанада өтетін Аударыспақтан І-ші ашық Азия чемпионатының бас төрешісі болып қазақ ұлттық спортына есімі белгілі Рамазан Сәттібай тағайындалды. Бүгінгі таңда Рамазан Ғайноллаұлы ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің ұлттық спорт түрлерінен мемлекеттік жаттықтырушы қызметін атқарады. Ұлттық спортта 30 жылдан астам қызмет атқарып келе жатқан тәжірибелі маман. Одан бөлек, Р.Сәттібайдың Азия деңгейіндегі жарыстарға қазылық ету тәжірибесі бар. Өткен жылы ұйымдастырылған Көкпардан І Азия чемпионатының бас төрешісі болған.

Саттыбаев Р.

  • ҚР Ұлттық спорт түрлеріне еңбегі сіңген жаттықтырушы;
  • Халықаралық деңгейдегі төреші;
  • Жоғары категориялы жаттықтырушы;
  • ҚР құрметті спорт қайраткері;
  • «Самбо» және «Қазақ күресінен» спорт шебері;
  • «ҚР дене шынықтыру және спортының дамуына үлес қосқаны үшін» атағын иеленген.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*

WordPress спам заблокировано CleanTalk.