Ж.Бабалықұлын еске алуға арналған көкпар тойы мәресіне жетті

     Кеше Алматы облысы, Сарыбай би ауылында этнограф-ғалым Жағда Бабалықұлын еске алуға арналған көкпар тойы өтті. Осыған дейін хабарлағанымыздай, бұл шара 4-ші рет қатарынан өткізіліп келе жатыр. Жаппай көкпарға алыс-жақын жерлерден 60-70 көкпаршы келіп сайысты. Осы жарыстың басы-қасында жүрген Келдібай Сәметұлы: — «Марқұм тірі кезінде балаларына мен қайтыс болғанымда басыма қойылатын тасқа «Тәуелсіздік көрдім, Мәңгілік тілеймін!» деп туған халқына баянды бақыт тілеп жатып 2010 жылдың 3 сәуірінде көз жұмады», — деп еске алады. Ашық турнирге «Air Astana» әуе компаниясының президенті Питер Фостер қызығушылық танытып, арнайы осы көкпардың көрерменіне айналғаны біз үшін қуантарлық жағдай дейді ұйымдастырушылар.

dsc_4667

ҰСТҚ-ақпарат

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*

WordPress спам заблокировано CleanTalk.