Қазақстанда қымыз оқушылардың ас мәзіріне енеді

Қазақстанда қымыз мектеп оқушыларының ас мәзіріне енеді деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы Қазақ тағамтану академиясының басшысы Төрегелді Шарманов айтты. Оның айтуынша, жақында ұлттық тағам түрлері балалар мәзірінің негізгі тағамына айналады.

кымыз АСХАНА

«Халықтың арасында банан, киви сияқты экзотикалық тағам түрлері адам денсаулығына пайдалы деген стереотип қалыптасқан. Алайда, бірқатар зерттеулердің нәтижесі көрсеткендей, қазір Қазақстанда тұратын балалардың денсаулығына ұлттық тағам түрлерінің пайдасы көбірек. Өйткені, сүттердің ішінде тек бие сүті ғана қайнатылмайды. Оның пайдалы минералдары, дәрумендері жоғалмайды. Қазір біз басымдықты мектеп мәзіріне бие сүтін — қымызды енгізуге бар күшімізді салып жатырмыз. Сондай-ақ, олардың қатарында ірімшік, айран да болады.  Жақында осы мәселе Қарағанды облысының әкімдігінде  талқыланады», — деді Төрегелді Шарманов.

Ықылым заманнан бері жылқы бағып келе жатса да, қазір қымыз қазақтың ұлттық тағамы болса да, ұлттық бренді деп айта алмаймыз. Өйткені, бие сүтін француздар мен немістер әлдеқашан патенттеп алған.

«Осы мәселені біз қайта көтеріп жатырмыз. Бұл жерде біз қымызды дайындаудың өзіндік технологиясын көрсетіп, қорғауымыз керек. Осыған байланысты Үкімет тапсырма берген. Осы бағытта үлкен жұмыс жасап жатырмыз», — деп қорытындылады деді Тағамтану академиясының бөлім меңгерушісі Сәтбек  Мұсабеков.

Болашақта қымыз мектеп оқушыларына өзгерген түрде жеткізілетін болады. Өйткені, бұл жерде барлық балалардың талғам ерекшеліктері ескеріледі.

кымыз АСхана2

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*

WordPress спам заблокировано CleanTalk.