Таразда көкпардан Н.Момыновты еске алуға арналған кезекті турнир өтпек

    Тараз қаласының Б.Момышұлы атындағы атшабарында 17-21 сәуір аралығында көкпардан ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, құрметті спорт қайраткері Нәби Момыновты еске алуға арналған халықаралық турнир өтеді.

    Жарысқа Батыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Жамбыл облыстары мен Астана қаласының командалары және Қырғыстан Республикасының «Ойқайың» және «Қабылан» командалары қатысады деп жоспарлануда.

 Жарысты өткізудің негізгі мақсаты – өскелең жас ұрпаққа атадан балаға мирас болып қалған ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу, мықты спортшыларды анықтау, жастарды отансүйгіштікке, патриоттық сезімге, ептілікке тәрбиелеу, дене шынықтыру және спортты, сонымен қатар, салауатты өмір салтын насихаттау.

 Ұйымдастырушылар: ҚР Спорт және дене шынықтыру  істері агенттігі, ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы мен Жамбыл облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы.

Момынов Нәби Рүстемұлы — ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, ҚР Құрметті спорт қайраткері. Жамбыл облысында көкпар ойынын негізін құрушы, «Әулие-Ата» ат спорты клубының» іргетасын қалаушы. 1946 жылы 4 ақпанда Жамбыл облысы, Жамбыл ауданында дүниеге келген. 1970 жылы Жамбыл технологиялық институтында инженер-технолог мамандығын алған.

ҰСТҚ-ақпарат

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*

WordPress спам заблокировано CleanTalk.