Асық жинаудан жаңа рекорд тіркелді

      Бүгін Шығыс Қазақстан облысының азаматы Болат ТАҒАБАЙ 15 жыл бойы 35000 асық жинап, «Interrecord» халықаралық рекордтар тіркеу агенттігінің сертификатын алды. Осыған орай, аталған ұйымның еліміздегі өкілдігі серификатты ресми түрде табыстап, рекорд жасауымен құттықтады.

        ERrpByYbtg0

ISgHQijcjugБолат Құнанбайұлы Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Ырғызбай округының тұрғыны. Бұл күндері «Әулие Ырғызбай» кешенінің басшысы қызметін атқарады.

«Кішкентай кезден-ақ асық жинап өскен ұрпақпыз ғой. Бұл жинағанымыз қазаққа керек дүние. Асық ойнаған азар, доп ойнаған тозар деген сөз бар. Ал қазір асық ойнаған азбайды, доппен ойнаған тозбайды. Бұл сол кездегі саясаттың сөзі.

Ал биыл еліміздегі алғашқы рекордтар кітабы баспадан шығады. Жалпы, рекордтарды 15-20 жылда бір рет тіркеліп отырады екен.

Ендігі мақсат — осы рекордымды дүниежүзі көлемінде тағы бір рет тіркету. «EXPO-2017»-ге дайындалып жүрмін. Сол жылы қоржынымды 100 мың асықпен толтырамын деп жоспарлап отырмын. 

16

     Салт-дәстүрдің жанашыры Болат Тағабайды «Асық ату» федерациясының вице-президенті Жомарт Сабыржанұлы да құттықтап, өзінің ризашылығын білдірді. «Бұл сынды рекордтар ұлтын сүйген азаматтың қолынан келетін нәрсе. Бәріміз қуаныштымыз. Бұның да тәрбиелік мәні бар. Қазір асық атудан турнирлер өткізу туралы жоспар құрып жатырмыз. «Асық ату» федерациясы Өскемен облысында филиалын ашпақ. Сол филиалдың басшысы етіп Болат Құнанбайұлын тағайындақпыз». 

17IMG_0076

IMG_0074

А.Темірбекұлы

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*