Әулиеатада көкпардан халықаралық турнир басталды

   Бүгін Әулиеата өңірінде ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі мен Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының ұйымдастыруымен ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Құрметті спорт қайраткері Нәби Момыновты еске алуға арналған көкпардан халықаралық турнир басталды. Б.Момышұлы атындағы атшабарда түндігі түрілген аламанға жеті команда қатысуда. Олардың ішінде Қырғызстан Республикасынан арнайы келген «Ойқайың» құрамасы да бар.

Әулиеатада көкпардан халықаралық турнир басталды       Дүбірлі дода Оңтүстік Қазақстан облысы мен Батыс Қазақстан облысы көкпаршыларының кездесуімен басталды. Оңтүстіктің шабандоздары шымырлығы мен командалық ойынымен танылып қалған құрама. Сол себепті, батыстықтар бұл жекпе-жекте 9:0 есебімен ойсырай ұтылды. Артынша көкпар ойындарынан Қазақстанның жеті дүркін чемпионы «әулиеаталықтар» маңғыстаулық «Адай ата» командасын 14:2 есебімен айқын жеңді.
Ал, турнирдің алғашқы күнін қорындылаған Астана командасы мен қырғыстандық «Ойқайың» құрамасының ойыны өте тартысты өтті. Көкпар екі жақты алма кезекке шабуылдармен өрбіді. Ойында есепті қырғыстандық команда ашқанымен, елордалықтар лайықты жауап қайтара білді. Нәтижесінде 4:3 есебімен астаналық команда жеңіске жетті.
Ойынның ширек финалдық кездесулері ертең жалғасатын болады. Ал, ақтық сын 21 сәуір күні өтеді.

Дәулет Төлендіұлы
Жамбыл облысы, munara.kz

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*

WordPress спам заблокировано CleanTalk.