«Наурыз – ұлт құндылықтарының бастауы» атты мерекелік іс-шара өтті

    ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының  ұйымдастыруымен 20-сәуір күні «Наурыз – ұлт құндылықтарының бастауы» атты мерекелік іс-шарасы болып өтті.

_MG_8339~1

0XDf5iuRWyc  Іс-шара “Ұлттық ат спорты ойындарының теориялық және методикалық мәні” тақырыбында өткен үлкен жиынмен басталды. Жиынға ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы Тастанбек Есентаев, ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті Бекболат Тілеухан, сонымен қатар, қоғам қайраткерлері, жаттықтырушылар мен жоғарғы оқу орындарының профессорлары қатысты.

   ҚР Ұлттық спорт түрлерінен мемлекеттік жаттықтырушы Рамазан Сәттібай “Ұлттық ат спорты ойындарының ережелерін халықаралық деңгейге көтеру” тақырыбында баяндама жасаса, “Қазақ спорты” газетінің редакторы Бекен Қайрат “Дала көшпенділерінің ат баптау өнері” тақырыбында сөз сөйледі.

Семинар-кеңестен соң көкпар тартылып, ұлттық ойын түрлерінен әр түрлі жарыстар өткізілді. Арнайы көрме ұйымдастырылды. Мерекелік шараның соңы өнер жұлдыздарының қатысуымен өткен мерекелік концертке ұласты.

P1290139

P1290145

P1290153

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*