Ұлттық спорт түрлерінен ҚР чемпионаты Түркістанда өтеді

     27 сәуір күні Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласында ҚР ересектер арасындағы көкпардан XIV, аударыспақтан XIV, қыз қуудан XII, теңге ілуден VII чемпионат өтетін болды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

   Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт қауымдастығының хабарлауынша, ҚР ересектер арасындағы көкпардан XIV, аударыспақтан XIV, қыз қуудан XII, теңге ілуден VII чемпионат Түркістан қаласында өтеді деп жоспарланған. Биылғы чемпионатқа 16 команда қатысатыны анық болды.

Ал Оңтүстік Қазақстан облысының намысын қорғайтын көкпаршылар бұл жылғы чемпионатқа қызу дайындық үстінде. Команда құрамы жаңа спортшылармен, сәйгүліктердің қатары жаңа пырақпен толыққан. Титаник лақапты польшалық пырақта әйгілі палуан Ермек Байдуашев көкпар тартып, өнер көрсететін болады. Жалпы, оңтүстікқазақстандық шабандоздар биыл да алтыннан алқа тағуға үмітті.

Дилара РЫСДӘУЛЕТ

 

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*