Балқарағайда Наурыз тойы өтті (ФОТОРЕПОРТАЖ)

     Кеше Астана қаласына таяу маңда орналасқан Балқарағай демалыс орталығында ҚР Ұлттық ат спорты түрлері қауымдастығының ұйымдастыруымен «Наурыз – ұлт құндылықтарының бастауы» атты мерекелік іс-шара өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

     Арқаның аязын артқа тастап, енді ғана жоны жібіген солтүстіктің жері Наурыздың дүбіріне әлі куә болып жатыр. Кеше ғана Балқарағайда өткен мерекелік думан ұлттық мейрамымызды ұлықтатып қана қоймай, шуақты көктемнің жылуын шынайы сезіндіргендей болды.

Ұлттық спорт түрлерінің көрсетілімімен ерекшеленген мереке «Ұлттық ат спорты ойындарының теориялық және методикалық мәні» атты семинар-кеңеспен басталды. Онда тарихшылар мен ғалымдар, спорт шеберлері ұлттық ат спортының тарихы мен бүгінгі дамуы жайлы сөз етіп, ғылыми тұрғыдағы ұсыныстарын ортаға салды.

 

Ақ далаға тігілген ақ шаңқан үйлердің айналасында ұлттық киім мен қолөнер бұйымдарының, ат әбзелдері мен суреттердің, сондай-ақ ұлттық тағамдардың көрмесі өтті.

 

 

 

 

Көкпар, жамбы ату, теңге ілу, аударыспақ, арқан тарту, садақ ату, көзсіз мерген, асық ату және тоғыз құмалақ қатарлы ұлттық ойындар мерекенің көркін асыра түсті.

 


 

 

 

 

 

 

Әз Наурызды тойлауға келген халық Балқарағайдың бауырайында өнерпаздар мен айтыс ақындарының да өнерін тамашалады.

 

 

 

Майгүл СҰЛТАН,

Ғабит МАДАЛИЕВ.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*