Қазақ күресінен жастар арасында ашық турнир өтпек

3 мамыр күні сағат 1000 -де Қараөткел кентінің (Ильинка) №2 орта мектебінде «Қараөткел Барысы» Қоғамдық қорының жүлдесіне арналған қазақ күресінен Целиноград ауданының «Қараөткел барысы» ашық турнирі өтеді. Жарыс кіші жасөспірімдер (1999-200 ж.т.), жасөспірімдер (1997-1998 ж.т.), жастар арасында (1995-1996 ж.т.) және «Түйе палуан» ересектер арасында өткізіледі.

Әр ауылдан жас ерекшелігіне қарай 8 спортшы және 2 түйе палуан (салмағы 70 келіден жоғары) қатысады. Палуандардың салмақ дәрежелері:

1999-2000 ж.т: 38 келі, 42 келі, 46 келі

1997-1998 ж.т: 51 келі, 57 келі

1995-1996 ж.т: 60 келі, 70 келі, +70 келі

Салмақ бойынша жарыс аяқталғаннан кейін Целиноград ауданы ересектері арасында ТҮЙЕ ПАЛУАН сайысы өтеді.

Ашық турнирдің жүлде қоры:

1 орынға — 30 000 теңге

2 орынға — 20 000 теңге

3 орынға — 10 000 теңге

3 орынға — 10 000 теңге

Түйе палуанға — 800 АҚШ доллары

Турнирде бар қатысушыларға арналған лотерея ойнатылады. Ұтысқа 2 теледидар, 3 ұялы телефон қойылған.

Біріншілікке Целиноград ауданының спорт бөлімі және «Қараөткел барысы» Қоғамдық қоры басшылық жасайды.

Бас төреші: Уәлиев Асхат Қуанышұлы

Бас хатшы: Маханов Қуантай Қонысбайұлы

А.Темірбекұлы

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*

WordPress спам заблокировано CleanTalk.