Тоғызқұмалақтан ҚР чемпионаты өтті

Өткен аптада Павлодар қаласында тоғызқұмалақтан Қазақстан Республикасының ерлер және әйелдер аласындағы жекелей чемпионаты өтті. Чемпионатқа 13 облыс, Астана және Алматы қалаларынан барлығы 121 спортшы (ерлер – 64, әйелдер – 57) қатысты.

Жарыс  рапид, блиц және классика ойын түрлерімен швейцар жүйесі бойынша өткізілді. Әрбір классикалық ойын түрінде ойыншыға 2 сағат, ал шапшаң ойында 7 минут, рапидта 20 минуттан берілді.

Жарыстың ашылу салтанатында Павлодар облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының өкілдері, тоғызқұмалақ зияткерлік қауымдастығының вице-президенті М.Е.Шотаев,  тоғызқұмалақтан мемлекеттік жаттықтырушы Д.И. Қапаев, тоғызқұмалақтан республиканың бас жаттықтырушысы А.А. Жақапбаева қатысты.

Жарыстың бас төрешісі — жоғары  ұлттық дәрежедегі төреші Ш. Кашкенов (Павлодар қ.), бас төрешінің орынбасары — жоғары  ұлттық дәрежедегі төреші Б.Абильбеков (Қостанай қ.).

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері:

Шапшаң ойын әйелдер

І орын:        Дәлиева Әсел (ОҚО), жаттықтырушы — Темірбаев Ғ.

ІІ орын:       Кенина Диана (Ақтөбе), жаттықтырушы Кашкенов Ш, Нуршин Х, Толегенов Б.

ІІІ орын:      Сапарбекова Салтанат (ОҚО), жаттықтырушы Сапарбеков С.

ІІІ орын:      Құсайынова  Салтанат (Астана), жаттықтырушы Мағауова Г.

jekelei2014.3

Шапшаң ойын ерлер

І орын:         Қабиев Нұрбек (Ақтобе), жаттықытрушы Нуршин Х, Кенина Д, Толегенов Б.

ІІ орын:        Жақсылықов Алмаз (ШҚО), жаттықытрушы Нұрсұлтанова Г.А

ІІІ орын:       Ақтаев Серік (ОҚО), жаттықтырушы Көпбаев К.

ІІІ орын:       Темірбаев Ғалымжан(ОҚО), жаттықтырушы Көпбаев К.

jekelei2014.8

Рапид әйелдер

І орын:        Дәлиева Әсел (ОҚО), жаттықтырушы Темірбаев Ғ.

ІІ орын:       Хадылбек Бақытжан (Астана), жаттықтырушы Шотаев М.

ІІІ орын:      Кенина Диана (Ақтөбе),  жаттықытрушы Кашкенов Ш, Нуршин Х, Толегенов Б.

  jekelei2014.7

Рапид  ерлер

І орын:         Темірбаев Ғалымжан(ОҚО),  жаттықтырушы Көпбаев К.

ІІ орын:        Матылов Сайлан (БҚО)  жаттықтырушы Абдікаримов Д, Рамазанов Ғ.

ІІІ орын:       Мерешов Ернұр (Павлодар), жаттықтырушы Капаев А, Кашкенов Ш.

jekelei2014.6

Классика әйелдер

І орын:          Сапарбекова Салтанат (ОҚО), жаттықтырушы Сапарбеков С.

ІІ орын:         Райымбекова Роза (Павлодар),  жаттықтырушы Кашкенов Ш, Капаев А.

ІІІ орын:        Дәлиева Әсел (ОҚО), жаттықтырушы Темірбаев Ғ.

 jekelei2014.4

Классика ерлер

І орын:        Каймулдин Жанат (Павлодар), жаттықытрушы Кашкенов Ш, Капаев А.

ІІ орын:        Жақсылықов Алмаз (ШҚО), жаттықтырушы Нұрсұлтанова Г.А

ІІІ орын:       Ақтаев Серік (ОҚО), жаттықтырушы Көпбаев К.

 jekelei2014.5

         Жарыс уақытында аймақтық оқу-тәжірибелік дене тәрбиесі және алғашқы әскери дайындық орталығы, дене шынықтыру және спорт басшысы мен Қазақстанның зияткерлік тоғызқұмалақ федерациясы бірігіп мектептердің дене шынықтыру мұғалімдердің және спорт мектептің жаттықтырушыларымен жарыс ұйымдастыру, өткізу, төрешілік жасау 24 сағаттық семинар өткізілді.

9kumalak.com

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*