Астанада асық атудан республикалық ашық турнир өтеді

Астана қаласының Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде 25 мамыр күні асық атудан республикалық ашық турнир өтеді.
Турнирге ҚР әр облысы және Астана мен Алматы қалалар командалары қатысады. Жарысқа қатысуға тілек білдірген шет елдердің де қатысуға мүмкіндігі бар. Әр команда құрамына 3 адам кіреді: оның біреуі 16-ға толмаған жасөспірім ойыншы болса, екіншісі 16-дан асқан спортшы мен 1 жетекші. Турнир ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі, ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы мен республикалық «Асық ату» федерациясы ұйымдастыруымен өткізіледі.
Сайыс ҚР ҰСТҚ мен ҚР СДШІА 2011 жылы бекіткен «Асық ату ойынының ережесі» бойынша жүргізіледі.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен марапатталып, қомақты жүлдеге ие болады. 1-ші орын алған спортшыға 300 мың теңге, 2-орынға 200 мың теңге, 3-орынды иелегенге 100 мың теңге көлемінде сыйақы беріледі.
А.Темірбекұлы

Ж.С.Сабыржанов, Е.Б.Нарымбаев, А.К.Қорғанбаев, Астана, 2011 ж.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*

WordPress спам заблокировано CleanTalk.