Қызылорда облысында көкпардан мерекелік турнир өтті (ФОТО)




Қызылорда облысында Жеңіс күніне арналған көкпардан ашық турнир өтті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі Қазалы аудандық әкімдігінің баспасөз хатшысы Балгүл Мәменге сілтеме жасап.

«Бұл өмірден озған Ұлы Отан соғысының ардагері, еңбек ардагері Нұртазы Есбосыновтың ұрпақтары ұйымдастырған нағыз мереке. Дәл осылай, таза ауада олар Жеңіс күнін тойлауға шақырды», — деді ол.

Ардагердің отбасының шақыруына көптеген адамдар жиналды. Турнирде ауылдық және клубтық командалар таныстырылды, тартысты сайысты тамашалауға келгендердің қарасы тіптен көп болды. Қазақтың ұлттық ойынында Жалаңтөс баһадүр ауылының командасы жеңіске жетті. Көкпарда ерекше көзге түскендерге грамоталар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді. Ал өз кезегінде ақсақалдар жастарға соғыс жылдарындағы естеліктерімен бөлісті.

 

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*

WordPress спам заблокировано CleanTalk.