Астанада ұлттық спорт ойындарына арналған семинар-кеңес өтті

Ұлттық спортты ұлықтаған мамандар Астанада бас қосты. Ұлық мереке Наурызды атап өткен қауымдастық, көпшілікке ат спорты ойындарынан көріністер ұсынды. Жамбы ату, теңге ілуден басталған бәсеке қыз қуу мен көкпар тартуға ұласты. Қазақстан ұлттық спорт түрлері қауымдастығы бұл шараны жыл сайын ұйымдастырып жүр. Биылғы басқосуға ғалымдар мен сала мамандары жиналып, ұлттық ат спорты ойындарына арналған семинар-кеңес өткізді. Еліміздің әр аймағынан келген атбегілер қазақ тұлпары мен көкпарды жаңа деңгейге көтеру мәселесін талқылады. Сонымен қатар ат спорты ойындарын елімізде кеңінен дамыту үшін мектеп бағдарламасына кіргізу жолдары да сөз болды.

Рамазан Сәттібай, Ұлттық спорт түрлерінен мемлекеттік жаттықтырушы:
-Ұлттық спортымызды тек қана есейіп, жаңағы кәмелеттік жасқа толып бастаған дұрыс қой. Бірақ негізінде мынау мектеп қабырғасынан өзінің ережелерін, ұлттық спорт ретінде соны білсе деген өзіміздің ойымыз болды. 

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*