Ел чемпионатының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі

31
96Осымен ұлттық спорт түрлерінен ересектер арасында өткен ел чемпионаты тәмамдалды. Халқымыздың ұлттық спорты — көкпары мен аударыспағы, теңге ілуі мен қыз қууынан үздіктер анықталып, жеңімпаздар марапатталды. Осы орайда бір айтатын жайт, мұндай дәстүрлі дода әр жылы өз ерекшеліктерімен есте қалып отырады. Мәселен, биылғы бәсекені Түркістан қаласы мен Меркі ауданындағы (Жамбыл облысы) ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының (ҚР ҰСТҚ) «Жамбы ату спортын дамыту мәселелері» тақырыбындағы тәжірибелік семинары, үйрету курстарымен жалғасқаны ерекшеледі.

Бұл семинарға облыстардан арнайы шақырылған жаттықтырушылар мен спортшылар, облыстық спорт және дене шынықтыру басқармаларының өкілдері, Облыстық Ұлттық спорт мектептері мен клубтарының директорлары және спортшылары қатысты.

Семинардың жұмысын ҚР ҰСТҚ президенті Бекболат Тілеухан жүргізіп, көне түркі халқының ежелгі ұлттық спорты жамбы атуды дамытуға байланысты сөз сөйледі.

81Бекболат ТІЛЕУХАН, ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті:

«Жамбы ату ойынына арнап үлкендердің батасын алып қазақтың талай тарихына куә болған ежелгі Түркістан қаласында семинар өткізіп отырмыз. Бұл күн тарихымызда қалып, ертең уақыты келгенде әлі де еске алатын боламыз. Қазақтың қанында жамбы ату, садақты игеру, жебе жасау, мергендік бар. Оған дәлел болатын тарихи деректер көп. Мысалы, ол туралы С.Сейфуллин өз туындысында баяндап жазып кеткен. Ал жалпы біздің ұрпақ жамбы атуды көрмеген. Бізде оны үйрететін маман жоқ. Сондықтан, көрші ел Моңғолиядан жаттықтырушы алдырып отырмыз.

Баткеріл Мичир

Баткеріл Мичир

Елімізде 2017 жылы «ЭКСПО-2017» көрмесі өтеді. Біз осы көрмеде ұлттық спорт түрлері: көкпар, теңге ілу, аударыспақ, жамбы атудан әлем чемпионатын өткізіп, келген туристерге көрсетпекпіз. Бұл жарыстар Астанда өтетін болады. Осы жарыстарды жоғары деңгейде өткізу үшін бір адамдай жабылып ұйымшылдықпен елімізді лайықты деңгейде көрсете алуымыз керек. Кеше атшабардың басында Монғолияның жамбы атудан бірнеше дүркін чемпионы Баткеріл Мичир мен Алдияр Нұрғазиев тәжірибе жүзінде көрсетсе, бүгін семинарға қатысушыларға теориялық жағын түсіндіріп беріп жатыр. Ертеңнен бастап Меркі қаласында Жамбы атуды оқытып үйрету басталады. Уақытты бос жібермей намысқа тырысып, зор ықылас қойып жақсылап үйреніп, ертең елге барғанда команда дайындап шығара алатындай дәрежеге жету қажет.

89Біздің елде ұлттық спорттарымызды жамбы атуды дамытуға қажетті барлық алғышарттар бар. Еліміздің экономикасы нығайды, халықтың арасында бейбітшілік, бірлік бар. Ұлттық спорт түрлерінен жастар мен жасөспірімдер арасында республикалық чемпионат өткізу тек біздің елде ғана бар.  Бастаған жұмысымызда нәтиже болуы керек. Біздің ұлттық спорт түрлерінен өтіп жатқан XIV республикалық чемпионатымызға қолдау көрсеткен ОҚО әкіміне, «Нұр Отан» партиясына, төрағаның бірінші орынбасары Б.Байбекке, Базарбай Мұстафинге алғысымды білдеремін. Семинарға қатысушы барлықтарыңызға мықты денсаулық, еңбектеріңізге табыс тілеймін».

07

РамазРамазан СӘТТІБАЕВ, ҚР Ұлттық спорт түрлерінен мемлекеттік жаттықтырушы:

«Біздің ең басты чемпионатымыз Көпар мен аударыспақтан XIV, теңге ілу мен қыз қуудан VIII чемпионатының Түркістанда өтуі кәсіпкер елімжан азамат Базарбай Мұстафиннің ұсыныс жасап демеуші  болуымен байланысты болып отыр. Осы чемпионатқа тұңғыш рет 16 команда келіп отыр. Бұл үлкен жетістік. Ал осы чемпионатпен қатар, Түркістанның этнографиялық мұражайында Жамбы атудан тәжірибелік  семинардың өтуі көңілді қуантып отыр. Жамбы ату қазақтың қанында бар қасиет, бұл ойын дамуға тиіс. Республикалық жамбы ату федерациясы құрылды, енді оның облыстық, аудандық филиалдарын құруымыз керек. Жамбы ату ойыны теңге алуға ұқсайды. Кешегі атшабарда өткен жамбы атуды көргенде қаны ойнап шыға келген нағыз қазақты көрдік. Бұл ойынды қолға алып енді чемпинаттарды бастаймыз. Сондықтан, ертеңгі курсқа қатысатын спортшылар Баткерілден (ред. Баткеріл Мичир, жамбы ату бапкері) жамбының барлық қыр-сырын мұқият үйреніп алулары керек».

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*