Республикалық асық ату ашық турниріне келетін қатысушылар іріктелді

Осы жылдың асыға күткен ең қызықты іс-шараларының бірі де келіп қалды. Нақтырақ айтсақ, Астанадағы Еуразия ұлттық университетінің спорт кешенінде 25 мамыр күні асық атудан республикалық ашық турнир өтетін хабарлап та үлгерген едік.

ASY

Осыған дейін жарысқа әр облыстан 2 ойыншы келетінін де айттық. Бүл күндері жарысқа қатысуға өтініш білдірген қатысушылардың тізімі толықтырылуда. Қай қатысушыны алмасаңыз да осалы жоқ.

Мәселен, бірінші болып Қостанай облысынан Кәрішал Какашовтың жетекшілігімен 1998 жылы туған Қамбдырахманов Елдос пен 1983-жылғы Ерлан Кәрішалұлы қатысатыны белгілі болды. Жас спортшы Елдос Қабдырахманов осы жылы Астанада өткен асық атудан ел ішілік жастар сьезінің 3-орын иегері. Ал Ерлан Кәрішалұлы болса, облыстық жарыстардың бірнеше дүркін чемпионы.

1R8A8938

Тағы белгілі болғандай, Шығыс Қазақстан облысынан «Асық ату» федерациясының ШҚО филиал президенті жетекшілігімен Ерболатов Атаман менен Ерболатов Шыңғыс келеді.

Қарағанды өңірінен Ахметов Тойбектің бастауымен Төлепбек Нұрым (2001) мен Ершебаев Жарас (1986) қатысады.

Алайда, алуан-алуан жүйрік бар әліне қарай жүгіреді. Келесі таныстырайын деп отырған қатысушылардың тек жетістіктеріне қарап турнирдегі үздіктер қатарынан табылатынын сезуге болады. Соның бірі Маңғыстау облысынан Жәлімов Нұрланның жетекшілігімен келетін 2000 жылы дүниеге келген Асанов Руслан. Жетістіктері:

  • 2012 жылы «Қала күні» мерекесіне арналған Ақтау қалалық ашық ұлттық спорты турнирінің «Асық атудан» І орын жеңімпазы;
  • 2012 жылы «Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күні» мерекесіне арналған Ақтау ашық қалалық ұлттық спорты турнирінің «Асық атудан» І орын жеңімпазы;
  • 2012 жылы «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні» мерекесіне арналған Ақтау ашық қалалық ұлттық спорты турнирінің «Асық атудан» І орын жеңімпазы;
  • 2013 жылы «Амал күні» мерекесіне арналған Ақтау ашық қалалық ұлттық спорты турнирінің «Асық атудан» І орын жеңімпазы;
  • 2013 жылы «Ақтау қаласының – 50 жыл» мерей тойы аясында өткен ұлттық спорт түрлері фестивалі «Асық ату» турнирінің І орын жеңімпазы;
  • 2014 жылы Кеңес Одағы әскерлерінің Ауғаныстанан шығарылуына 25 жылдығына арналған Ақтау қалалық ашық ұлттық спорты турнирінің «Асық атудан» І орын жеңімпазы;
  • 2014 жылы «Наурыз — 2014» Ақтау ашық қалалық ұлттық спорты турнирінің «Асық атудан» І орын жеңімпазы;
  • 2014 жылы ІІ Ақтау қалалық «Спорт — денсаулық кепілі» атты аула (бұқаралық, ұлттық) спорт түрлерінен мектеп оқушылар Спартакиадасы «Асық ату» бағдарламасының І орын жеңімпазы.

Және Маңғыстау облысы командасының екінші өкілі – 97-жылғы Нұғманов Болатбек. Жетістіктері:

  • 2014 жылы Кеңес Одағы әскерлерінің Ауғаныстанан шығарылуына 25 жылдығына арналған Ақтау қалалық ашық ұлттық спорты турнирінің «Асық атудан» І орын жеңімпазы;
  • 2014 жылы «Наурыз — 2014» Ақтау ашық қалалық ұлттық спорты турнирінің «Асық атудан» І орын жеңімпазы;
  • 2014 жылы ІІ Ақтау қалалық «Спорт-денсаулық кепілі» атты аула (бұқаралық, ұлттық) спорт түрлерінен мектеп оқушылар Спартакиадасы «Асық ату» бағдарламасының І орын жеңімпазы.

_MG_8516

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*

WordPress спам заблокировано CleanTalk.