Ашық Азия чемпионатына әлемнің 12 елі қатыспақ

Әлем тарихында тұңғыш рет Астанада Аударыспақтан І-ші ашық Азия чемпионаты ұйымдастырылады. 15-маусым күні «Қазанат» атшабарына жиналатын дүйім жұрт, расында, бұрын-сонды болмаған халықаралық жарысқа куә болады.

Бүгінде бұл байрақты бәсекеге 12 мемлекеттің құрыш қолды, тақымы тастай палуандары қатысуға ниет білдіріп отыр. Азия чемпионатында Қазақстан атынан шығатын үміткер палуандар:

70 келі салмақта – Жапишев Ермек (ШҚО),

Байгонов Ерназар (ОҚО)

90 келі салмақта – Ізбасаров Сырым (ОҚО),

Аринов М. (ШҚО)

+90 келі салмақта – Қосалиев Б. (ОҚО)

Тамикенов М. (ШҚО)

Жаттықтырушылары: Сәттібаев Р., Құрамаев Қ., Бекмусаев Ж., Сүйебаев Қ.

  аудар3

Үлкен ілтипат білдірген мадиярлар елі жарысқа екі палуанымен қатыспақ. Олар Венгрияның Дәстүрлі аударыспақ пен көкпар қауымдастығының президенті Серф Андрас пен қауымдастықтың вице-президенті Стивен Бенцтің жетекшілігімен келетін салмағы 110 келі Раджзингер Роберт Ласло мен салмағы 83 келі Серф Амбрус. Венгрлер тарапынан келген хатта жарысқа қатысатын үшінші палуан, өкінішке қарай, жарақат алып қалғанына байланысты келе алмайтынын жеткізді.

Қырғызстаннан команда жетекшісі Ногоев Омур

70 келі салмақта Бузурманкулуулы Қадыбек

90 келі салмақта Қыдыралиев Қушумбек

+90 келіде Молдақұлов Нұрланды алып келеді. Бапкері — Құрманқұлов Нияз.

Моңғолиядан

70 келі салмақта Ө.Жанболат

90 келі салмақта Ережеп Нұрболат

+90 келіде Ыдырыш Бағлан.

Тәжікстаннан

70 келі салмақта Бахраддинов Сайдмукадас

90 келі салмақта Нематов Бахром

+90 келіде Машрабов Хуршед.

(РФ) Алтай Республикасы Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының вице-президенті Ербол Еділбаевтың жетекшілігімен

70 келі салмақта Кадышев Бергенбек Ерболатұлы

90 келі салмақта Еділбаев Нұрболат Бердiмұрат

+90 келіде Садуақасов Өсиет Манапұлы.

Өзбекстанның құрама командасы Хожиматов Рахимжон Мелиқузиұлы жетекшілігімен

70 келі салмақта Таджибаев Нозим Мураджанұлы

90 келі салмақта Азимов Ахаджонг Комилжонұлы

+90 келіде Ходжаев Одил Муродұлы.

Сонымен бірге, Әзірбайжан, Ауғаныстан, Түркия, Түркіменстан және Қытай Халық Республикасынан да қатысушылар келеміз деп отыр.

аудар4Осындай ірі додаға бас төреші болып Рамазан Сәттібай бекітілгенін осыған дейін хабарлағанбыз. Ал енді чемпионаттың төрешілер алқасы белгілі болды.

  1. Бас төреші: Сәттібаев Рамазан (Астана)
  2. Бас төрешінің орынбасары: Құрамаев Қуанышбек (Астана)
  3. Бас төрешінің орынбасары: Қойшин Марат (Ақмола обл)
  4. Бас хатшы: Базарханова Гүлнар (ШҚО)
  5. Мандат комиссиясының төрағасы: Базарханов Арман (ШҚО)
  6. Алаң жетекшісі: Байбуриев Нұркен (Астана)
  7. Төрешілер: Бекмусинов Жанбатыр (ОҚО)
  8. Жылқыбаев Елемес (ШҚО)
  9. Отынбаев Мақсат (ШҚО)
  10. Сапахов Айдар (ШҚО)
  11. Момынов Нұрдәулет (ОҚО)
  12. Саев Жанысбек (ОҚО)
  13. Ахметбаев Ғани (ОҚО)
  14. Жәлелов Сейдолла (ОҚО)
  15. Сәрсенбеков Армат (БҚО)
  16. Сүйебаев Қанағат (Маңғыстау)
  17. Жанбалаев Өнербай (Атырау)
  18. Жанбалаев Асқарбек (Атырау)
  19. Додай Нұрлан (Ақтөбе)
  20. Аймағамбетов Абат (Ақтөбе)
  21. Махатаев Ғабит (Қызылорда)
  22. Ахметов Берік (Ақмола обл)
  23. Күнтуған Базарбек (Астана)
  24. Мейрамғалиев Жұмабек (Павлодар)

Ұлттық спорт — ұлтымыздың баға жетпес қазынасы. Дәстүрін аялаған елдің — болашағы жарқын, қадамы нық. Еліміз үшін аса маңызды дүбірлі дода, атадан балаға мирас болып қалған төл өнеріміздің қарқын алуымен қатар, жастарды да бұқаралық спортқа тартуға сеп боларына сенім мол.

аудар2

А.Темірбекұлы

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*