Нәби Момыновты еске алуға арналған халықаралық турнирінің баспасөз парағы

2014 жылдың 17-21 сәуір аралығында Тараз қаласының Б.Момышұлы атындағы атшабарында көкпардан ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, құрметті спорт қайраткері Нәби Момыновты еске алуға арналған халықаралық турнир өтеді.

Жарыс ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің 2014 жылға арналған бұқаралық-спорттық, сауықтыру іс-шаралары мен республикалық және халықаралық негізгі жарыстардың күнтізбелік жоспарына сай өткізіледі.

Жарысты ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасының Спорт және дене шынықтыру  істері агенттігі, Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы.

Ал, жарысты жалпы өткізілуіне басшылықты Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы, бас төреші мен төрешілер алқасы жүргізеді.

Жарысқа Батыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Жамбыл облыстары мен Астана қаласының командалары және Қырғыстан Республикасының «Ойқайың» және «Қабылан» командалары қатысады деп жоспарлануда.

Жарысты өткізудің негізгі мақсаты – өскелең жас ұрпаққа сонау атадан балаға мирас болып қалған ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу, мықты спортшыларды анықтау, жастарды отансүйгіштікке, патриоттық сезімге, батылдыққа, ептілікке тәрбиелеу, дене шынықтыру және спортты, сонымен қатар, салауатты өмір салтын насихаттау.

Жарыстың басталуы: 2014 жыл 18 сәуір, сағат 10.00

Жарыстың салтанатты ашылуы: 2014 жыл, 18 сәуір, сағат 12.00

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*