Асық атудан республикалық ашық турнирінің баспасөз парақшасы

25 мамыр күні Астана қаласы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің спорт кешенінде асық атудан республикалық ашық турнир өтеді.

Турнирде ҚР әр облысы және Астана мен Алматы қалаларының командалары бәсекеге түседі. Жарысқа қатысуға тілек білдірген шет мемлекеттер командаларының да қатысуға мүмкіндігі бар. Әр команда құрамына 3 адам кіреді: 16-ға толмаған ойыншы, 16-дан асқан спортшы және 1 жетекші.

Ашық турнирге елімізге танымал тұлғалар «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек, ЕҰУ ректоры Ерлан Сыдықов, қоғам қайраткері Қойшығара Салғарин, сонымен бірге, Олимпиада чемпионы Ермахан Ибраимов, танымал әншілер Қайрат Нұртас, Қыдырәлі Болманов, Досымжан Таңатаров өнер көрседі деп жоспарланып отыр.

Сайыс ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы мен ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің 2011 жылы бекіткен «Асық ату ойынының ережесі» бойынша жүргізіледі.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен марапатталып, қомақты жүлдеге ие болады. 1-ші орын алғанға 300 мың теңге, 2-орынға 200 мың теңге, 3-орынды иелегенге 100 мың теңге көлемінде сыйақы беріледі.

Ұйымдастырушы: ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі, ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы мен республикалық «Асық ату» федерациясы

Бас демеуші: «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры

Өтетін орны мен уақыты: Астана қ., Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің спорт кешені, Ы.Дүкенұлы, 23.

09.00 Іріктеу жарыстары

11.00 Ашық турнирдің ашылу салтанаты

14.00 Финал

14.30 Турнирдің жабылуы

Байланыс телефондары: Абзал Қалиев, 87078550586

Іс-шараға келуіңізді растауды сұраймыз.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*