«Наурыз – ұлт құндылықтарының бастауы» атты мерекелік іс-шарасының баспасөз парақшасы

ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының ұйымдастыруымен 20-сәуір күні «Балқарағай» демалыс орталығында (Астанадан 15 шақырым) «НАУРЫЗ – ҰЛТ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫНЫҢ БАСТАУЫ» атты мерекелік іс-шарасы өтеді.

Наурыз мерекесі Түркі әлемінде мамыр айына дейін тойланатын мейрам. Сондықтан, өткізілетін шараның мақсаты наурыз мейрамын кеңінен атап өту арқылы халқымыздың ұлттық мәдениетін, тарихын, әдет-ғұрып, салт-дәстүрін насихаттау.

Мерекеде ұлттық спорт түрлерінің көрсетілімі және ұлттық өнімдерге арналған тақырыптық көрме (қазақтың қолөнері, ұлттық тағам түрлері, бес қару, ат әбзелдері, саятшылықтың құрал-жабдықтары, зергерлік, фотокөрме, тұрмыстық бұйымдар) ұйымдастырылады.

Іс-шара аясында «Ұлттық ат спорты ойындарының теориялық және методикалық мәні» тақырыбында семинар-кеңес өткізіледі. Семинарға тарих ғылымдарының докторы Елемес ӘЛІМХАН (әл-Фараби ат.ҚазҰУ), Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының профессоры Ахмет ТОҚТЫБАЙ («Ұлттық спорт ойындарының шығу тарихы»), «Ботай» қорығының авторы Виктор ЗАЙБЕРТ («Археологиялық қазбалардағы ат спортының көне тарихы»), «Қазақ тұлпары» ЖШС директоры Набидолла Ақанұлы Кикебаев («Ұлттық спортқа қажетті өз тұлпарларымыздың тұқымын шығару жолдары») және т.б. қатысады.

Іс-шара бағдарламасы:

10:00 – 12:30 «Ұлттық ат спорты ойындарының теориялық және методикалық мәні» тақырыбындағы семинар

11:30 – 12:30 Этно-ауылда серуендеу

12:30 – 13:15 Ұлттық ойындардың басталуы (көкпар, жамбы ату, теңге ілу, қыз қуу)

13:15 – 13:25 Өнер жұлдыздарының қатысуымен мерекелік концерт

13:25 Ұлттық ойындар (қазақ күресі, асық ату, арқан тарту, көзсіз мерген).

Жарыс жеңімпаздарын марапаттау. Салтанатты жабылу рәсімі.

Өтетін уақыты мен орны: Астанадан 15  шақырым қашықтықта орналасқан «Балқарағай» демалыс орталығы. Басталуы сағат 10:00, 20-сәуір, 2014 жыл.

БАҚ өкілдеріне Қазмедиа орталығының (ҚМО) алдынан сағат 08:00 жиналып, 08:15-те автокөлікпен жолға шығу қамтамасыз етілген.

Іс-шараға қатысатыныңызды растауыңызды сұраймыз.

Ұйымдастырушы: Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*