Ұлттық спорт түрлерінен ересектер арасындағы ҚР чемпионатының баспасөз парақшасы (Түркістан қ.)

Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан қаласында 28-сәуір мен 4-мамыр аралығында Қазақстан Республикасының ересектер арасындағы көкпардан XIV, аударыспақтан XIV, қыз қуудан VII, теңге ілуден VII чемпионаты өтеді.

Осымен қатарынан 14-рет өткізіліп келе жатқан дәстүрлі чемпионатқа Астана мен Алматы қаласы және еліміздің барлық 14 облысы қатысады деп жоспарлануда.

Жарыс аясында «Жамбы ату спортын дамыту мәселелері» тақырыбында тәжірибелік семинар өткізіледі.

Тәжірибелік семинардың жалғасы ретінде жамбы ату ұлттық спорт түрінен Түркістан қаласы мен Меркі ауданында (Жамбыл обл) 27.04 — 11.05 күндері республикалық оқу жаттығу жиындары өтеді. Еліміздің әр өңірінен 26 спорт нұсқаушылары таңдап алынып, жамбы ату бапкерлері Баткеріл Мичир мен Нұрғазиев Алдияр жетекшілігімен 10 күн бойы оқыту курсы жүргізіледі. Осылайша, болашақта әр облыстан жамбы ату командалары дайындалып жасақталады.

 

Чемпионаттың бағдарламасы:

28-сәуір: Жарыстың салтанатты ашылуы. Көкпар, қыз қуу, теңге ілу, аударыспақ (60 келі) жарыстары

29-сәуір: Көкпар, қыз қуу, теңге ілу, аударыспақ (70 келі) жарыстары

30-сәуір: Көкпар, қыз қуу, теңге ілу, аударыспақ (80 келі) жарыстары

1-мамыр: Көкпар, аударыспақ (90 келі) жарыстары

2-мамыр: Көкпар, аударыспақ (+90 келі) жарыстары

3-мамыр: «Жамбы ату спортын дамыту мәселелері» семинары, басталуы сағат 10-00.

4-мамыр: Көкпардан ақтық кездесу ойыны. ҚР чемпионаттың жабылу салтанаты.

Өтетін уақыты мен орны: 28-сәуір – 03-мамыр, 2014 жыл.

Түркістан қаласы (ОҚО).

Ұйымдастырушы:ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы

Байланыс телефондары: Зейнеп Байжанова – 8701-187-89-94

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*

WordPress спам заблокировано CleanTalk.