Таразда ұлттық ойындар ұлықталды

Таразда Ұлттық ойындар күні көпшілікпен бірге аталып өтті. 

Көңілді шара тараздық 200-ге жуық колледж студенттерінің флешмоб биімен ашылды. Тұңғыш Президент саябағына жиналған жастар асық ату, арқан тарту,  қол күресі, ләңгі тебу, кір тасын көтеру сияқты ұлттық ойын түрлерінен жарысты. Жарысқа жекелей және команда болып қатысып, жеңімпаз атанғандар бағалы сыйлықтар, дипломдармен марапатталды.

«Бір жағынан халыққа мерекелік көңіл-күй сыйласақ, екінші жағынан ұлттық ойындар туралы ақпараттың, ойын ережелерінің көпшілікке кең таралуына ұйытқы болдық. Ұлттық ойындарды ойнау балалардың физикалық және ақыл-ой тұрғысынан дамуына да оң әсерін тигізеді», — дейді облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының директоры Гүлжан Иманбекова.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*