Асық атудан республикалық ашық турнир өтеді

Астана. 22 мамыр. BAQ.KZ – 25 мамыр күні Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің спорт кешенінде асық атудан республикалық ашық турнир өтеді. Бұл туралы ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының баспасөз қызметінен хабарлады.  

Турнирде еліміздің барлық облысы және Астана мен Алматы қалаларының командалары бәсекеге түседі. Жарысқа қатысуға тілек білдірген шет мемлекеттер командаларының да қатысуға мүмкіндігі бар. Әр команда құрамына 16-ға толмаған ойыншы, 16-дан асқан спортшы және 1 жетекші сияқты 3 адам кіреді.
Ашық турнирге елімізге танымал тұлғалар Қайрат Нұртас, Досымжан Таңатаров, Олимпиада чемпионы Ермахан Ибраимов, сонымен бірге, «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек, ЕҰУ ректоры Ерлан Сыдықов, жазушы Қойшығара Салғарин де өнер көрсетеді деп жоспарланып отыр.
Сайыс ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы мен ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің 2011 жылы бекіткен «Асық ату ойынының ережесі» бойынша жүргізіледі.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен марапатталып, қомақты жүлдеге ие болады. 1-ші орын алғанға 300 мың теңге, 2-орынға 200 мың теңге, 3-орынды иелегенге 100 мың теңге көлемінде сыйақы беріледі.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*

WordPress спам заблокировано CleanTalk.