Асық ату турнирі мандат комиссиясының отырысы өтті

Бүгін «Асық ату» федерациясының вице-президенті Жомарт Сабыржановтың жетекшілігімен асық атудан өтетін республикалық ашық турнирдің мандат коммиясы болып өтті. Отырыста барлық қатысушыларға ертеңгі жарыстың жұмыс жоспары таныстырылып, ұйымдастыру мәселелері мен команда жетекшілеріне ойын ережелерінің егжей-тегжейі түсіндірілді.




Ал оның алдында бұл елішілік жарысқа орай келген асық жинау рекордының иесі Болат Тағабай Ұлттық спорт түрлері қауымдастығына 1000 асық пен 10 сақаны сыйлыққа тартты. Осыдан 1-2 ай бұрын Болат Құдайбердіұлының қоржынындағы асықтың 35 мың данасы бүгінде 38-мыңға да жетіпті. Мейман келер жылы Шығыс-Қазақстан облысында асық атудан жарыс өткізетінін де жасырмады.




Ал Еуразия ұлттық университетінің спорт кешенінде дайындық қызу жүріп жатыр. Асық атуға екі алаң жасалды.


Жер үйкелісіне жақындату мақсатында спорт кешенінің еденіне осындай арнайы төсеніштер салынды.


Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*

WordPress спам заблокировано CleanTalk.