Baq.kz ақпарат порталы ҚР ҰСТҚ баспасөз қызметіне сілтейді

Астана. 26 мамыр. BAQ.KZ — Кеше Астана қаласындағы Л..Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің спорт кешенінде асық атудан республикалық ашық турнир өтті. Бұл туралы ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының баспасөз қызметінен хабарлады.

Асық ату жарысына тұңғыш рет Қазақстанның барлық облысынан және Астана мен Алматыдан 16 команда қатысып отыр. Турнирде елімізге танымал азаматтар Жұматай Әлиев, Ермахан Ибраимов, Қыдырәлі Болманов, Қайрат Нұртас, Мұхамеджан Тазабековтер өнер көрсетіп, өзара сайысты.

Жарыстың қортындысы бойынша, 16 жасқа дейінгі ойыншылар арасындағы бәсекеде Маңғыстау облысынан келген Руслан Асанов 1-орынға ие болды. Астаналық Жаманбайтегі 2-орынды, Қызылорда облысынан келген ойыншы Өтетілеу Ілияс 3-орынды еншіледі.

Ал, 16 жастан жоғары спортшылардың ішінде Маңғыстау облысынан келген Болатбек Нұғманов 1-орынды, Жамбыл облысының ойыншысы Дархан Ахметәлім 2-орынды иеленді. 3-орын павлодарлық Айбек Маратқа бұйырды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен марапатталып, қомақты жүлдеге ие болады. 1-ші орын алғанға 300 мың теңге, 2-орынға 200 мың теңге, 3-орынды иелегенге 100 мың теңге көлемінде сыйақы беріледі.

Суреттер Ulttyqsport.kz сайтынан алынды.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*

WordPress спам заблокировано CleanTalk.