Ұлттық ойын тоғызқұмалақты дамыту мәселелері талқыланды

Бүгін ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығында «Тоғызқұмалақ» федерациясының вице-президенті Мақсат Шотаевтың қатысуымен отырыс болды. Мақсат Есенбекұлының айтуынша, тоғызқұмалақты кеңінен дамытуда қарқынды жұмыс жасалынып жатыр. «Өткізілген екі бірдей Әлем чемпионаты, қос-қостап Азия чемпионаты, Республика көлеміндегі кездесулер, ҚР Кубогы, ҚР Президентінің жүлдесі үшін  және жастар мен жасөспірімдер арасындағы жарыстар соның айқын дәлелі».

XXYaJ45ifLUСонымен қатар, отырыста iggamecenter.com cайтынан тоғызқұмалақ ойынын онлайнда ойнау мүмкіндігі бар екені сөз етілді. Одан басқа, өткен ғасырларда қазақ қауымында өте танымал болған мұндай ойынды осы заманға ыңғайлап, кеңінен тарату үшін ойынның мобильді нұсқасын даярлау да қолға алынып жатыр.

Тағы бір айта кетерлігі, мамырдың 29 күні тоғызқұмалақтан Астана қаласының кубогы үшін «ЖАС ҮМІТ» ІІ республикалық жасөспірімдер жарысы ұйымдастырылмақ. Төрт күнге жалғасатын бұл бәсеке «1 маусым — Халықаралық балаларды қорғау күніне» арналып отыр. Жарыстың ашылу салтанатын 29-мамыр күні сағат 15.00-де Астана қаласының «Жастар» сарайында (Республика, 28, 2-қабат) тамашалай аласыздар.

Естеріңізге сала кетейік, осы федерацияның вице-президенті Мақсат Шотаев тоғызқұмалақты халықаралық деңгейде дамытып, көптеген кітаптар мен мақалалар жазған ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы. Ол «Таңғажайып тоғызқұмалақ», «Тоғызқұмалақ ойынындағы тұздықтар тартысы», «Тогызкумалак игра интеллектуалов» кітаптарының авторы.

v4N6RlufZ-o

gptP7UmAG-cА.Темірбекұлы

 

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*

WordPress спам заблокировано CleanTalk.