7 телеарна: Асық атудан республика чемпионаты өтті

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Қайрат Нұртас, олимпиада чемпионы Ермахан Ыбырайымовпен асық ойнап ұтылып қалды. Елордада асықтан тұңғыш ашық республика чемпионаты өтті. Оған еліміздің танымал тұлғалары мен 14 облыс және Астана Алматы қалаларының командалары қатысты. Толығырақ әріптесім Талғат Уәли баяндасын.

«Асық ойнаған -азар, доп ойнаған — тозар, бәрінен де қой бағып, құйрық жеген озар» деген мақалға мұндағы жұрттың пікірі кереғар. Керісінше асық орнын айфон алмастырған қазіргі қоғамдағы жастарды ұлттық ойынды үйреніп, қайта жандандыруға шақырып отыр. Тұңғыш республикалық турнирге эстрада жұлдыздары, даңқты спортшылар мен депутаттар да қатысты. Алғаш болып сақасын иіріп Қайрат Нұртас пен Ермахан Ыбрайымов ортаға шықты.

Шаршы алаңда шашасына шаң жұқтырмаған құрыш қолды Ермахан асықта да алдына жан салмайтынын аңғартса, Қайрат Нұртас сақа иіргеннен, микрафон ұстап ән айту әлде қайда жеңіл екенін мойындады.

ҚАЙРАТ НҰРТАС, ӘНШІ:

— Өзім кезінде асықты жақсы ойнағам. Қатты ойнағам. Менде асық өте көп болған. Бірақ білмеймін. Осы ойнаған кезімде кішкене қобалжып қалдым. Кішкене дайындалғанымда мүмкін ұтар ма едім. Асық ойнаған бұл азарт қой. Әр халықтың өзінің ұлттық ойыны болады. Біздің ұлттық ойын бұл асық. Бұны әлемдік деңгейге де шығарып ойнауға болады.

Бұл турнирге еліміздің 14 облысы мен Алматы және Астана қалаларының командалары қатысты. Сайыс ұлттық ойын түрлері қауымдастығы мен спорт және дене шынықтыру істері агенттігі бекіткен арнайы ереже бойынша өтті.

РАМАЗАН СӘТТІБАЙ, ҚР ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІНЕН МЕМЛЕКЕТТІК ЖАТТЫҚТЫРУШЫ:

— Біздің қолымызға алып отырған басты мақсатымыз. Бүгіннен бастап мынау қой асығына басқасына бұрынғыдай қорғасын құйып, әлде болмасы темір нелерден әшекей жасап ана сақаны ауырлату мақсатында. Сақаны әлде болмасы табанын тайпақтап әлгі гүлгіш қылуға ол жағына біз тыйым саламыз. Табиғи өзінің болмысын жоғалтпауға.

Шараға қатысушылардың жас ерекшелігіне шектеу қойылған жоқ. «Мұндағы мақсатымыз асықтың бұқараға ортақ спорт екендігін байқатқымыз келді» дейді шараны ұйымдастырушылар. Қызығы елуді алқымдап қалған кейбір ел ағаларының өзі әлі күнге дейін асық ойнайды екен.

БЕКБОЛАТ ТІЛЕУХАН, ҚР ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

— Мен жиі ойнап тұрамын асықты. Кейінгі кездерде асықты айына бір-екі рет ойнап тұрамын. Өзімнің інілеріммен. Айтып отырмын ғой. Бұл демократиялық ойын. Баламнан бастап өзіменен 20 жас үлкен ағаларыма шейін ойнайды.

Сайыс қорытындысы бойынша 16жасқа дейінгі қатысушылар арасында бірінші орынды Маңғыстау командасы алса, екінші орында Астана ал үшінші орында Қызылорда қаласының құрамасы. Ал 16 жастын жоғары командалар арасында Тағы да Маңғыстау ойыншылары бірінші орында. Ал Жамбыл мен Павлодар облыстары екінші үшінді орындарды өз ара бөлісті.

Талғат Уәли

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*