Ұлттық спорт олимпиадалық спорт түрлерiмен тең дәрежеде дамытылмақ

Еліміздің ұлттық спорты олимпиадалық спорт түрлерiмен тең дәрежеде дамытылады. Бұл туралы бүгiн Парламент Мәжiлiсiнiң пленарлық отырысы барысында «Дене шынықтыру және спорт туралы» заң жобасының жаңа редакциясын таныстырған ҚР Спорт және дене шынықтыру агенттiгiнiң төрағасы Тастанбек Есентаев мәлiмдедi, деп хабарлайды BNews.kz тiлшiсi.

«Заң жобасында ұлттық спорт түрлерiне қатысты бап жеке шығарылды және ұлттық спорттың өзiндiк ерекшелiктерi есепке алына отырып, оларды олимпиадалық спорт түрлерiмен тең дәрежеде дамыту көзделiп отыр», — дедi Т.Есентаев.

Диана ҚҰЛМАҒАНБЕТОВА
теңге ілу

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*