Тоғызқұмалақтан «Жас үміт» республикалық жарысы басталды

Бүгін тоғызқұмалақтан Астана қаласының кубогі үшін жасөспірімдер арасындағы «Жас үміт» ІІ республикалық жарысы басталды.

Халықаралық балаларды қорғау күніне орайластырылған жарысқа еліміздің 13 облысынан 16 команда қатысып отыр. Бәсекенің бас хатшысы Олжас Жұмағалиұлы (Астана қ.) болса, бас төрешісі – К. Нүршин (Ақтөбе).

IMG_2142IMG_2149

Тоғызқұмалақ соңғы жылдары жоғары қарқынмен дамып келеді. Мәселен, бұл ойынмен шұғылданушылардың саны бүгін 100 мың адамға жетіп отыр. Және тоғызқұмалақтан өткізілген Дүниежүзілік Қазақтар құрылтайына арналған жарысы (2006 ж), тұңғыш Әлем чемпионаты (2010 ж), ҚР Президентінің жүлдесіне арналған халықаралық жарыстары да (2005, 2011 жж) бұл ұлттық ойынның әлемді кең тарап үлгергендігінің белгісі болса керек.

IMG_2123Жарыстың бағдарламасы бойынша, сайыс 1-маусымға дейін жалғасады. Осы күндері жасөспірімдер Оқушылар сарайы мен мұражайларға саяхаттап, қаланың көрікті жерлерін тамашалайтын болады. Бұл жарысты «Тоғызқұмалақ» зияткерлік қауымдастығы Астана қаласының әкімдігі мен спорт басқармасымен бірлесіп ұйымдастырып отыр.

IMG_2127IMG_2153 IMG_2136
IMG_2174А.Темірбекұлы

 

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*