Құмай тазылардың байқауы өтеді

tazy_dlya_obyavleniyaАстана қаласына таяу маңда орналасқан «Балқарағай» демалыс кешенінде 21-ші қыркүйек күні қазақ құмай тазыларының республикалық байқауы өтеді.

Іс-шараны республикалық «Қансонар» қауымдастығы мен ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдасығына қарасты «Құмай» федерациясы бірлесе ұйымдастыруда.

«Құмай тазы қазақ халқының тарихи-мәдени мұрасының бір бөлшегі, яки жеті қазынасының бірі. «Қансонар» қауымдастығы қазақ тазы иттерінің шығу тегі Қазақстан аумағынан тарағанын мойындату жөнінде белсенді жұмыстар атқарып келеді. Құмай тазыны иемдегісі келетін басқа да халықтар бар. Оны дәлелдеу оңай емес. Сондықтан, республика көлемінде өткізілетін бұл байқаудың маңызы зор», — дейді «Қансонар» қауымдастығының Басқарма төрағасы Оралбай Әбдікәрімов.

Ұйымдастырушылар байқауды «Балқарағайда» өткізу туралы шешімге тоқталып отыр. Себебі, демалыс кешенінің орналасқан жері мен көлемі ыңғайлы, әрі мұндай іс-шараны ұйымдастыруға инфақұрылымы сай.

b0008

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*