Ұлттық спорттың биылғы ең атаулы жарысына 10 күн қалды

Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы былтыр  Азия құрлығының 9 мемлекеті арасында дүбірлетіп көкпардан чемпионат өткізгені естеріңізде. Биыл бұл дәстүр жалғасын тауып, ұлттық ойын аударыспақтан ашық Азия чемпионаты өткізілмек. Ұлттық спорттың осы жылғы ең ірі оқиғасына айналар додаға Еуропа мен Азияның 10 елі қатысатын болды.

[table id=19 /]

Чемпионаттың регламенті бойынша, жарысты ұйымдастырушы ел 2 команда шығаруға құқылы. Алайда, әділдік болсын деп Қазақстан тарапынан 1 құрама команда шығатын болды. Бұл жарысқа Қазақстан атынан шығатын негізгі үміткерлер Аударыспақтан ҚР чемпионаттарында үздік нәтиже көрсетіп жүрген палуандар. Соңғы өткен ХIV ел чемпионатында (Түркістан қ.) жеңімпаз атанып, Азияға іріктелгендер мына спортшылар:

70 келі салмақ дәрежесінде Жапишев Ермек пен Байғонов Ерназар,

90 келі салмақта Ізбасаров Сырым мен Аринов М.,

90 келіден жоғары салмақта  Қосалиев Б. мен Тамикенов М.

Сонымен, 15-ші маусым күні Астана қаласының «Қазанат» атшабарында өтетін жарысқа келем деушілерге есік ашық. Ашылу салтанаты сағат 11-00-де.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*