Азия чемпионатының Ұйымдастыру комитеті жиналыс өткізді

Бүгін Ұлттық спорт түрлері қауымдастығында Аударыспақтан өтетін Азия чемпионатының ұйымдастыру барысы талқыланды. Ұйымдастыру комитетінің жұмыс тобы отырыстың нәтижесін шығарып, чемпионаттан бір күн бұрын, яғни 14-маусым күні баспасөз конференциясы мен палуандардың таныстырылымы ұйымдастырылатынын шешті. Іс-шарада палуандардың салмақ өлшеу рәсімі мен жобаның тұсаукесері өтеді.


Ұлттық спорт түрі аударыспақтан бұрын соңды болмаған доданың насихаттау жұмыстары да сөз етілді. «Қазақстан» Ұлттық арнасы мен «KAZsport» телеарналары эфирінен чемпионаттың толық нұсқасы көрсетілетін болады.

ҰСТҚ баспасөз қызметі

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*