Аударыспақ Азия чемпионатының баспасөз конференциясы өтеді

Астана қаласында 14-маусым күні әлем тарихында тұңғыш рет Аударыспақтан І ашық Азия чемпионаты ұйымдастырылуына орай Қазмедиа орталығында (ҚМО) Азия чемпионатының баспасөз конференциясы мен палуандардың таныстырылымы өтеді.

Байрақты бәсекеге 11 мемлекеттің құрыш қолды, тақымы тастай палуандары қатысуға ниет білдіріп отыр. Бұл жоба Қытай, Ресей, Түркия, Венгрия, Ауғанстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Моңғолия және Қазақстанның сайдың тасындай іріктелген спортшылары арасынан Азия құрлығындағы аударыспақтан ең мықты палуанды анықтайды.

Чемпионат 70 келіге дейін, 90 келіге дейін және 90 келіден жоғары салмақ дәрежелері бойынша өтеді. Әр команда ұсынған білекті палуандар арасында абсолютті чемпионның «Алтын белбеуі» сарапқа салынады. Таныстырылым барысында, абсолютті чемпионның «Алтын белбеуі» мен спортшылардың киім үлгісі таныстырылатын болады.

Алқалы жиынның төралқалары: ҚР ҰСТҚ президенті – Бекболат Тілеухан, «Нұр Отан» партиясы Қоғамдық саясат институтының директоры – Саясат Нұрбек, Чемпинаттың Бас төрешісі Рамазан Сәттібай.

Бас демеуші: «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры

АЧ ресми тасымалдаушысы: «Air Astana» әуекомпаниясы

Қолдаушылар: «Нұр Отан» партиясы, «EXPO-2017» халықаралық көрмесі

Ақпараттық қолдаушылар: «Қазақстан» ТРК, «KAZsport» телеарнасы, СІМ

Ұйымдастырушы: ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы,

ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі

Баспасөз конференциясы ҚМО-ның 1-қабатында, 14-маусым күні  сағат 11-00-де өтеді.

Чемпионаттың өтетін орны мен уақыты: Астана қ., «Қазанат» ипподромы (Әуежай жолы), 15-маусым, ашылу салтанаты сағат 11.00-де

Байланыс телефондары: Абзал Қалиев, 87078550586, 8(7172)421510, ulttyqsport@gmail.com

Аккредитация міндетті. Іс-шараға келуіңізді растауды сұраймыз.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*