Арғымақ порталы Азия чемпионаты туралы

Фабрика ФорматовАфиша картасымен

Астана қаласында 15 маусым күні әлем тарихында тұңғыш рет Аударыспақтан І ашық Азия чемпионаты ұйымдастырылады.
Осыған байланысты, 14-маусым күні Қазмедиа орталығында (ҚМО) Азия чемпионатының баспасөз конференциясы мен палуандардың таныстырылымы өтеді.

Байрақты бәсекеге 11 мемлекеттің құрыш қолды, тақымы тастай палуандары қатысуға ниет білдіріп отыр. Бұл жоба Қытай, Ресей, Түркия, Венгрия, Ауғанстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Моңғолия және Қазақстанның сайдың тасындай іріктелген спортшылары арасынан Азия құрлығындағы аударыспақтан ең мықты палуанды анықтайды.
Чемпионат 70 келіге дейін, 90 келіге дейін және 90 келіден жоғары салмақ дәрежелері бойынша өтеді. Жарыс соңында жүлде алған палуандар абсолютті чемпион атағын сарапқа салатын болады.
Аударыспақ – салт аттылардың бірін-бірі ер үстінен аударып алуға тырысатын қазақтың ұлттық спорт түрінің бірі. Ат үстінде күресе білу үшін спортшыдан атты жақсы меңгеруімен қоса, үлкен күштілік, ептілік, төзімділік пен батылдылық талап етіледі.

Ұйымдастырушы: ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы,
ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі
Бас демеуші: «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры

Чемпионаттың өтетін орны мен уақыты: Астана қ., «Қазанат» ипподромы (Әуежай жолы), 15-маусым, ашылу салтанаты сағат 11.00-де
Баспасөз конференциясы ҚМО-ның 1-қабатында,
14-маусым, сағат 11-00-де өтеді

Байланыс телефондары: Абзал Қалиев, 87078550586, 8(7172)421510, ulttyqsport@gmail.com
Аккредитация міндетті. Іс-шараға келуіңізді растауды сұраймыз.

argymaq.kz

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*

WordPress спам заблокировано CleanTalk.