Baq.kz: Астанада аударыспақтан Азия чемпионаты өтеді

АСТАНА. 10 маусым. BAQ.KZ — Астанада 15 маусым күні әлем тарихында тұңғыш рет Аударыспақтан І-ші ашық Азия чемпионаты ұйымдастырылады, — деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Байрақты бәсекеге 11 мемлекеттің құрыш қолды, тақымы тастай палуандары қатысуға ниет білдіріп отыр. Бұл жоба Қытай, Ресей, Түркия, Венгрия, Ауғанстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Моңғолия және Қазақстанның сайдың тасындай іріктелген спортшылары арасынан Азия құрлығындағы аударыспақтан ең мықты палуанды анықтайды.

Чемпионат 70 келіге дейін, 90 келіге дейін және 90 келіден жоғары салмақ дәрежелері бойынша өтеді.

Жарыс соңында жүлде алған палуандар абсолютті чемпион атағын сарапқа салатын болады.

Айта кетейік, аударыспақ – салт аттылардың бірін-бірі ер үстінен аударып алуға тырысатын қазақтың ұлттық спорт түрінің бірі. Ат үстінде күресе білу үшін спортшыдан атты жақсы меңгеруімен қоса, үлкен күштілік, ептілік, төзімділік пен батылдылық талап етіледі. 

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*