24.kz аударыспақтан өткен АЧ туралы

Бүгін елімізде алғаш рет аударыспақтан Азия чемпионаты басталды. Байрақты бәсекеге 11 мемлекеттің құрыш білекті, тақымы тастай 33 спортшысы қатысуда. Чемпионат 70 және 90 келіге дейін, сондай-ақ 90 келіден жоғары салмақ дәрежелері бойынша өтуде. Халқымыздың күштілікті, ептілікті, зеректілікті қажет ететін ұлттық ойындары аз емес. Әрбір халықтың ұлттық ойындарында өзіне тән мәдениеті пен мiнез-құлқы танылады. Ат жалында ойнап өскен қазақ жігіті үшін аударыспақ ерекше маңызға ие. Міне бүгінгі додада еліміздің намысын үш спортшы қорғауда. Бүгінгі доданың жеңімпазына «Алтын белбеу» мен темір тұлпар сыйға тартылмақ. Дегенмен ұлттық ойынның жастар бойына ержүректілікті, батылдықты дарытатыны маңызды.
24.kz

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*