Аударыспақтан І ашық Азия чемпионатының баспасөз парақшасы

Бүгін Астана қаласында «Нұр Отан» партиясының қолдауымен тұңғыш рет Аударыспақтан І ашық Азия чемпионатының ашылуы болып өтті.

Байрақты бәсекеге 11 мемлекеттің 33 спортшысы – Қытай, Ресей, Түркия, Венгрия, Ауғанстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Моңғолия және Қазақстанның атынан қатысып, бақ сынайды.

Чемпионат 70 келіге дейін, 90 келіге дейін және 90 келіден жоғары салмақ дәрежелері бойынша сарапқа салынып, жарыс соңында жүлде алған балуандар абсолютті чемпион атағын иеленетін болады.

Шараның ашылу салтанатында сөз сөйлеген «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек ойын көрермендерін айтулы оқиғамен құттықтай отырып, мұндай спецификалық ұлттық спорт түрін дамытудың маңыздылығын айрықша атады.

«Нұр Отан» партиясы өз саяси Доктринасында ұлттық құндылықтарға, дәстүрдің жаңғыруына басымдық берген. Біз өркениеттер үнқатысуында өзге жұрттардың жақсысын сіңіріп қана қоймай, өз мәдениетіміздің әлеуетін қарастырудамыз. Тиісінше, жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыру үшін осы бағыттағы жобаларға қолдау көрсетеміз. Айталық, Қазақстан Барысы, Бүркітшілер фестивалі, Көкпардан Азия чемпионаты, аламан бәйгелерді ұйымдастыруға атсалыстық», — деді саясаткер.

«Көшпенділік дәуірден мирас болған аттың жалында күресу ойынын жаңғырту арқылы ұлттық рухымызды бір сілкіндіреріміз анық. Алдағы уақытта да «Нұр Отан» партиясы мұндай игі бастамаларға әрдайым қолдау көрсетуге дайын», — деп атап өтті Б.Байбек.

Тарихи деректеме бойынша, бұл – салт аттылардың бірін-бірі ер үстінен аударып алуға тырысатын қазақтың ұлттық спорт түрінің бірі. Ат үстінде күресе білу үшін спортшыдан атты жақсы меңгеруімен қоса, үлкен күштілік, ептілік, төзімділік пен батылдылық талап етіледі.

Айта кетейік, 16-17 маусымда «KAZsport» телеарнасы эфирінен 21.00-де ойын көрсетілімін тамашалауға болады.

Бас демеуші: «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры

АЧ ресми тасымалдаушысы: «Air Astana» әуекомпаниясы

Қолдаушылар: «Нұр Отан» партиясы, «EXPO-2017» халықаралық көрмесі

Ақпараттық қолдаушылар: «Қазақстан» ТРК, «KAZsport» телеарнасы, СІМ

Ұйымдастырушы: ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы,

ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі

Чемпионаттың өтетін орны мен уақыты: Астана қ., «Қазанат» ипподромы (Әуежай жолы), 15-маусым, ашылу салтанаты сағат 11.00-де

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*

WordPress спам заблокировано CleanTalk.