Астанада өткен аударыспақтан І ашық Азия чемпионатын «KAZsport» телеарнасы көрсетеді

Кеше Астанадағы «Қазанат»  ипподромында тұңғыш рет аударыспақтан І ашық Азия чемпионаты өтті. Ойын көрсетілімін 16-17 маусымда «KAZsport» телеарнасынан 21.00-де тамашалауға болады. Интернет жүйесінен kazsporttv.kz/online сілтемесіне өту арқылы онлайн көре аласыз. 

Байрақты бәсекеде Қазақстан, Қытай, Түркия, Венгрия, Ауғанстан, Қырғыз Республикасы , Тәжікстан, Өзбекстан, Әзірбайжан және Моңғолия елдерінен мемлекеттен 33 спортшы бақ сынады. Чемпионат 70 келіге, 90 келіге дейін және 90 келіден жоғары салмақ дәрежелері бойынша сарапқа салынып, жүлде алған cпортшылар абсолютті чемпионы атағына таласты.

Турнирді ұйымдастырушылар — ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы мен ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі.

Бас демеуші: «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры. Қолдаушылар «Нұр Отан» партиясы және «EXPO-2017» халықаралық көрмесі.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*

WordPress спам заблокировано CleanTalk.